ЛАТЫН ҚАРПІНЕ КӨШУ-УАҚЫТ СҰРАНЫСЫ

15:33, 14 мамыр 2019

«Жаңа емле: құрылымы мен мазмұны» атты республикалық семинар Қарағанды облысында жалғасты.Екі күн бойы Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының мамандары қатысушыларға латын негізіндегі қазақ әліпбиінің ерекшеліктерін түсіндірді.Дәріс алушылар оқу-әдістемелік қағидалары бойынша білімін жетілдірді

Бүгінде латын негізді  қазақ әліпбиінің емле өлшемдерін  көпшілікке түсіндіре алатын білікті мамандар даярлау  маңызды.Осы мақсатта Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының қызметкерлері еліміздің әр өңірінде дәріс –семинар өткізуде.Жиында тренерлер тыңдаушыларға жаңа емле ереженің  құрылымын  бүге-шігесіне дейін үйретті.Семинарда Ербол Тілешов латын графикасына көшудің стратегиясы мен жаңа жазудың лигвистикалық қырларына мейлінше тоқталды.

Ербол ТІЛЕШОВ, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры:

-2018 жылдың 6 желтоқсанында  латын негізді қазақ әліпбиінінің  емле ережелері бекітілген болатын.Осыған орай  мамандар түсіндіру  жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Екі күнге ұласқан  салмақты семинарға аймағымыздың аудан қаларынан келген 90 адам қатысты.Олардың арасында  оқу орталықтарының әдіскерлері мен мекеме  қызметкерлері бар.Ал ұлттық комиссия мақұлдаған жаңа емле ереже 9 тарау мен 107 параграфтан тұрады.Бұл бағыттағы жұмыстар өңірімізде жоспарға сай жүйелі жүргізіліп жатыр.Сәтін салса  облыстық тілдерді дамыту басқармасымен «SARYARQA телеарнасы 40 сабақ жобасын бірлесіп жүргізеді.Бұдан бөлек әлеуметтік желілер арқылы «Қазақша оқы, латынша жаз!» және «Қылқалам» атты  жобаларды іске асыру қолға алынған.

Гүлнәрайым ҚАҢТАРБЕКОВА, облыстық тілдерді  дамыту басқармасының  жетекшісі:

-Халықты неғұрлым  көбірек қамту  біздің негізгі мақсатымыз.Әр бейсенбі сайын аудио диктант өткізіледі. Акциялар ұйымдастырудамыз.

Семинар-дәріс  барысында қатысушылар қазақ әліпбиінің қысқаша тарихы және  айтылуы мен жазылу жүйесі бойынша нақты ақпараттарға қанықты.Мәселен Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығында Қарағанды облысынан  14 маман біліктілігін арттыруда.

Мейрамгүл  ҚАЙЫРБЕКОВА, Шахтинск қаласы «Бастау» оқу-әдістемелік  орталығының оқытушы әдіскері:

-Семинар мол мағлұматтар алдым.Компьютердің пернетақтасына байланысты мәліметтерді естіп білдім.Термин сөздердің жазылу үлгісімен таныстым.

Енді осы іспеттес семинарды мамандар  еліміздің  Ақмола мен Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында өткізеді.Шара соңында тыңдаушыларға арнайы  сертификат тапсырылды. Жаңғырудың тың қадамы  саналған  бастаманың  нәтиежесінде тіліміздің дыбысталуы мен әуезділігі әжәптәуір ашыла түседі,- дейді тіл жанашырлары.Айта кетейік әлемнің 80 –ге жуық елінде латын әліпбиі қолданылады .

Жанбота РАХМЕТУЛЛҰЛ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар