Латын әліпбиіне көшу - бұл заман талабы

15:08, 4 қаңтар 2018

Осы мақсатта, Евней Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің баспасөз орталығында латын жазуымен жазылған қазақ тіліндегі төрт оқулықтың тұсаукесер рәсімі өтті. Оған белгілі тіл жанашырлары, ғалымдар мен оқытушылар және оқулық авторлары қатысып, көкейдегі орамды ойларын ортаға салды

Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру-бұл Қазақстанның тарихи қажеттілігі,әлемдік ғылыми және білім беру кеңістігіне енудің қосымша мүмкіндігі - дейді, тұсаукескер рәсіміне қатысушы ғалымдар мен оқытушылар.Латын графикасын еңгізу ұзақ мерзімдік нәтиже беретіні сөзсіз.  Евней Бөкетов атындағы қасиетті қара шаңырақтың профессор-оқытушылар құрамы қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру бағдарламасы аясында Алгебра, Элементарлық математика, Инженерлік реонология, Деференциалдық теңдеулер атты оқулықтарды басып шығарды -дейді, ҚарМУ-дің бірінші проректоры Рымбек Жұмашев.

Рымбек ЖҰМАШЕВ ҚарМУ-дың бірінші проректоры

Осы оқулықтардың тиімділігі өте зор. Келешекте оның санын арттыруды жоспарлап отырмыз.Бұл біздің ғалымдар мен оқытушылардың қолдауы мен жарық көрді.Студенттер үшін де оқытушылар үшін де тиімді.

Белгілі ғалымдар мен оқытушылардың қатысуымен  жарық көрген 4 оқулық, әзірге 800дана болып  латын қарпінде басылып шықты.Келешекте бұл оқулықтар университетте кеңінен қолданылмақ. Жоғары оқу орнының  ғалымдары мен оқытушылар құрамы бұл Елбасымыздың Рухани жаңғыру мақаласындағы Қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі кешенді шараларын жүзеге асыра отырып, 2025 жылдарға қарай , әліпбиімізді латын қарпіне көшіруге бағытталған нақты жұмыстардың бір парасы - дегенді айтады.

Әбділдә КЕНЕШ ҚарМУ-дың доценті,  оқулық авторларының бірі

Осы оқулықтарды шығаруға ат салысқандардың бірімін. Бірнеше авторлар қатысты. Оқулық латын қарпінде өте сәтті шықты. 800данамен. Келешекте оның санын ұлғайту ойымызда бар.

Әлемде 80-ге жуық елде латын әліпбиі зор қолданысқа ие.Бұл турасында, ҚарМУ-дің студенттер сарайының баспасөз орталығында өткен  тұсаукесерде баяндама жасаған ғалымдар мен оқытушылар айтты. Қазақ халқы өткен ғасырдан бері латын қарпінде  сауатты жаза білген және оқи білген халық - деп тарқасты шараға қатысушылар.

Сейітқали ӘШІМ

Тақырып бойынша материалдар

ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
17:48, 24 маусым 2019
ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
Толығырақ...
«НҰРЛЫ ЖОЛ» БАҒДАРЛАМАСЫ  ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
17:24, 24 маусым 2019
«НҰРЛЫ ЖОЛ» БАҒДАРЛАМАСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар