ЛАТЫН ӘЛІПБИІ - ЗАМАН ТАЛАБЫ

13:38, 18 қыркүйек 2019

Қазақ тілінің латын графикасына көшу жұмыстары қолға алынуда. Осыған орай облыстық сот қызметкерлері латын әрпімен диктант жазды

Облыстық тілдер басқармасы ұйымдастырған бұл шара тілдер күні шеңберінде  өткізілді. Мақсаты сот қызметкерлері төл тіліміздің жаңа әліпбиін қаншалықты меңгергенін байқау. Қағаз бен қалам ұстаған аталмыш сала азаматтары диктантқа тыңғылықты дайындалыпты. «Бәсекелік қабілет» тақырыбында өткен диктант 95 сөзден құралған. Оны мемлекеттік қызметкерлер 30 минутта жазып шықты. Диктант соңында олар қателерін түзеп, өзін-өзі бағалады.  Жиынға облыс бойынша 475, ал бүгінгі шараға 40 адам қатысты. Елімізде «Рухани жаңғыру» аясында ата әліпбиімізді қолдану жүзеге асырылып жатыр.  Мәселен, ресурстық тіл орталығының әдіскері Жансая Мұхаметжанова мемлекеттік қызметкерлерге латын әліпбиінен тренинг-сабақ өткізген болатын. Енді шәкірттерінен диктант алмақ.

Жансая МҰХАМЕТЖАНОВА, ресурстық тіл орталығының әдіскері:

-Қазақстан Республикасы тілдері мерекесі аясында ағымдағы жылдың 17 қыркүйегінде сағат 11:00-де Қарағанды облысы бойынша Қарағанды облысының тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастырумен жаппай диктант жүргізілуде. Диктант жазу туралы алдын-ала түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Айдос ӘЛІМБЕТОВ, соттар әкімші басшысының орынбасары:

-Жалпы, латын әліпбиіне көшу бойынша Қарағанды облыстық сотында да қарқынды жұмыстар атқарылуда. Дәлірек айтқанда, мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту мен латын әліпбиіне көшу бойынша Қарағанды облыстық соты өз жұмысын жасауда.

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

РУХАНИ КЕЛІСІМ-ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ ІРГЕТАСЫ
16:33, 18 қазан 2019
РУХАНИ КЕЛІСІМ-ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ ІРГЕТАСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар