ЛАТЫН ӘЛІПБИІ – КЕЛЕШЕКТІҢ КІЛТІ

18:53, 19 қыркүйек 2017

Абай атындағы облыстық балалар кітапханасының қызметкерлері латын әріптерін үйрету үшін бірнеше іс-шаралар жүргізуде. Кітапхана мамандары халыққа түсіндіру мақсатында көшеге шығып жарнамалар таратты

Дүниежүзінде бүкіл ақпараттың 70 пайызынан астамы латын әліпбиінде таратылатынын ескерсек, Қазақстан үшін мұның пайдасы орасан зор болмақ. Демек, бұл заман талабы. Осы мақсатта ұйымдастырушылар аялдама маңында түсіндірме парақтарын таратып, таныстыру жұмыстарын жүргізді. ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен тындалымға қатысты жергілікті тұрғындар өз пікірлерін білдірді.

Арайлым ҚАЙЫРКЕНОВА тұрғын

Латын әліпбиіне көшу бұл дұрыс деп есептеймін. Себебі, дамыған елдердің барлығында латын әліпбиінде жазады. Ал, біз дамыған елдердің қатарына көшу үшін бұл керек қадам. Балаларымыз үшін жақсы болады.

Кітапахана мамандары 3 ай төңірегінде осындай игілікті іс-шаралардың жасалатынын айтады. Күні-кеше оқушылармен кездесу өтіп, жазу үлгісін қалыптастырды. Ал мұндай парақшаларды тарату арқылы тұрғындарды құлағдар ету -дейді.

Мәдина СМАҒҰЛОВА Абай атындағы балалар кітапханасының қызметкері

Біз қазақ әріпінен латын әліпбиіне көшуіне байланысты Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың Болашаққа бағдар рухани жаңғыру мақаласы аясында бірнеше іс-шаралар жүргізіп жатырмыз. Соның бірі бүгін міне, қала тұрғындарын латын әріпбиіне көшуіміз тіралы хабардар ету үшін флаерлер тараттық.

Айдана ДАСТАН 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар