Қызметтік көлікті мас күйінде жүргізген мемлекеттік қызметкер жауапқа тартылды

18:45, 17 мамыр 2017

Ережені ескермеген шенеунікттің тәртібі әдеп жөніндегі кеңесте қаралды. Білім саласындағы жемқорлық мәселесі де назарға алынды

Әдеп кеңесі алдымен білім басқармасындағы жемқорлықтың алдын алуға бағытталған  шараларды пысықтады.   Мұнда парақорлықты дер кезінде анықтау жұмыстары сәтті жүргізіліп жатқандығы баяндалды. Білім бақармасында сенім телефоны мен ватсап орталығы жұмыс жасайды.  Бұл жобалар нәтижелі көрнеді. Мәселен жыл басынан бері 400 қоңырау түскен. Жыл сайын «Таза сессия» атты облыстық акция ұйымдастырылады. Мектеп және балабақша директоры болуы үшін қойылатын талаптар да  қаталдана түскен.

Бақытгүл ӘДЕКЕНОВА облыстық білім басқармасы жетекшісінің орынбасары

Қазір мектеп және балабақша директоры болу үшін арнайы конкурстан өтеді. Сонымен қатар  лауазымды қызметті атқару үшін әрқайсысы білім саласындағы бағдарламасын қорғау қажет. Кейін тест тапсырады.

Алайда әдеп кеңесінің мүшелері білім саласында жемқорлық мәселесі әлі де өткір тұр деп мәлімдеді. Биылдың өзінде Жезқазған мен Қаржал қалаларынан парақорлық дерегімен 2 білім мекемесінің жетекшісі ұсталған.

Жандос СӘРСЕНОВ Әдеп кеңесінің төрағасы

Тағы бір әдеп жөніндегі кеңесте толық есеп күтеміз. Нақты қанша дерек тіркелгендігі тәтпіштеп айтылуы керек. Сосын сол жетекшілерді кеңеске қатыстырып, түсіндірмелерін тыңдауымыз қажет.

Әдеп кеңесінің мүшелері қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру жөнінде шешім шығарды.  Ал бұл  қызметтік көлікті мас күйінде жүргізген шенеунік. Балқаш қаласы әкімдік аппараттының жетекшісі Болат Асылбеков. Тексеріс барысында ол көлікті жұмыстан тыс уақытта пайдаланғаны да анықталды. Алайда мемлекеттік қызметкер өз кінәсін мойындап, бірден қала әкіміне бұл мәселені жеткізген. 

Александр АГЛИУЛИН  Балқаш қаласының әкімі

Мұндай дерек тіркелгені рас. Біз қалалық деңгейде кеңес өткізіп бұл мәселені қатаң талқыладық. Бірақ Балқаш қаласы әкімі аппаратының жетекшісі білікті ұйымдастырушы. Бұған дейін құзметінде ешқандай олқылық болған жоқ. Сондықтан қатал шешім шығармауларыңызды сұраймын.

Жандос СӘРСЕНОВ Әдеп кеңесінің төрағасы

Бұл мәселені бақылауға алу керек. Болашақта қызметтік автокөлікті бас пайдасына пайдаланғандар қатаң жазалануы мүмкін. Тіптен лауазымдарынан қоштасулары мүмкін. Қазір бұл заң министрлікте қаралып жатыр. Сондықтан барлық заңдылық сақталуы керек.

Болат Асылбеков қатаң сөгіс алды. Әдеп кеңесінің мүшелері Балқаш қаласының әкіміне мемлекеттік қызметкерлер тәртібін бақылауда ұстауды тапсырды. Мемлекеттік мүлікті жеке бастың қамы үшін пайдаланбау мәселесін де назарға алуды міндеттеді.  

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының  XX сессиясы өтті
17:44, 15 желтоқсан 2017
Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XX сессиясы өтті
Толығырақ...
Үздік спортшы, ұстаз, әскери қызметкер және еңбек адамы
17:42, 15 желтоқсан 2017
Үздік спортшы, ұстаз, әскери қызметкер және еңбек адамы
Толығырақ...
Еліміздің басты ұлттық мерекесі-Тәуелсіздік күні, Бұқар Жырау ауданында сән-салтанатымен тойланды
17:15, 15 желтоқсан 2017
Еліміздің басты ұлттық мерекесі-Тәуелсіздік күні, Бұқар Жыра...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Жүрекке  шұғыл, хирургиялық операцияны жасау немесе алғашқы көмек көрсету тәсілдерімен  студенттер жақынырақ танысты
16:43, 12 желтоқсан 2017
Жүрекке шұғыл, хирургиялық операцияны жасау немесе алғашқы...
Толығырақ...
Қарағанды облысында қасиетті мәуліт айы айырықша сән салтантымен тойланды
16:42, 13 желтоқсан 2017
Қарағанды облысында қасиетті мәуліт айы айырықша сән салтант...
Толығырақ...
Елордамыздың Астана мәртебесін алғанына 20 жыл толуына орай Қарағандыда жастар форумы өтті
15:10, 11 желтоқсан 2017
Елордамыздың Астана мәртебесін алғанына 20 жыл толуына орай...
Толығырақ...