ҚЫЗДАРҒА ӘСЕМДІК ЖАРАСАДЫ

17:50, 16 мамыр 2018

Қарағанды қаласында «Мектеп аруы - 2018» байқауы өтті

Ең көрікті де ақылды аруларды анықтайтын сайысқа қатысуға 70-тен аса үміткер өтініш білдірген. Аталмыш шара қалалық әкімдік пен жастар маслихатының қолдауымен ұйымдастырылды. «Мектеп аруы - 2018» байқауын тамашалуға келген көрермендердің қатары қалың. Себебі, бұл жарыс Қарағанды қаласында  алғаш рет өткізіліп отыр.  Жалпы, сұлулық сайысында бақ сынауға 70-тен аса үміткер өтініш білдірген. Тек, олардың 10-ы ғана ақтық кезеңге өтіп, жеңімпаз болуға лайықты екендерін дәлелдеді.

Бахтиар БЕКМҰРЗАЕВ,   «Қарағанды қаласының Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры

Жастар мәслихатының депутаттары осы бастаманы ұсынды, қалалық әкімдік қолдады. Осылайша, Астананың 20 жылдығына орай осы шараны ұйымдастырған жайымыз бар.

Қатысушылар қазылар алқасының және көрермендердің көңілінен шығуға тырысып бақты. Бірі эстрадалық әндерді шырқаса, енді бірі би билеп, көйлек киіп дефиле көрсетті. Мәселен, Фатима Нұренова мұндай байқауларға бірнеше рет қатысып, топ жарып жарған көрінеді. Ол қыз балаға әсемдік, инабаттылық жарасады деп есептейді.

Фатима НҰРЕНОВА,  қатысушы

Мен осы байқауда өзімді сынап көруді жөн көрдім. Болашақта журналист болғым келеді. Сондықтан, халықтың алдында жүріп, әдемі сөйлеуді үйренгім де келді.

Айта кету керек, байқау Астана қаласының 20 жылдығына арнайы ұйымдастырылды. Аталмыш шара қалалық әкімдік пен жастар мәслихатының қолдауымен өтті. Ал, «Мектеп аруы - 2018» сайысының қорытындысы бойынша бас жүлдені №23 мектептің оқушысы  Гаухар Жұмағұлова иеленді. Осылайша, ол Қарағанды қаласының оқушылары арасында ең сұлу ару атанды. Барлық қатысушылар арнайы дипломмен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

Айдана ДАСТАН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар