ҚЫСТЫҢ ҚАМЫН ЖАЗДА ОЙЛА

16:28, 30 маусым 2020

Приозерск қаласында көп қабатты тұрғын үйлер биыл қыста бұрыңғыдан да жылы болады. Халықты сапалы жылумен қамтамасыз ету мақсатында шаһардағы №1 қазандық құбырлары жөнделіп жатыр. Ал ертеректе салынған үйлердің сырты қапталып, қайта қалпына келтірілуде. Бұл «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасының арқасында мүмкін болып отыр

Гүлбақша АҚАЖАНОВА, тілші:

-Приозерск қаласындағы мына №1 қазақдық шаһардағы 74 тұрғын үй 37  әлеуметтік маңызды нысчан және Қазақстан мен Рсесй әскери  бөлімдерін жылумен қамтамасыз етеді. Қазір мұнда ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ілкімді істің игілігі сол жаңа 9 жұмыс орны ашылды. Бұл жұмыспен қамтудың жол картасы 2020 бағдарламасының жемісі.

Жылу беру орталығындағы  бірқатар құбырлардың ішіне қақ жиналып ескірген. Сондықтан екі қазандықтың құыбырлары толық ауыстырылды. Енді тек қаптау жұмыстары қалды. Осы мақсатта «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасымен 47 млн тенге қаржы бөлінген. Бұл қыстың күні пәтерлер мен әллеуметтік маңызды нысандарға кедергісіз сапалы  жылу берудің кепілі. 

Өмір ЖҰМАТАЕВ, №1 қазандық басшысы:

-Қазір қазандыққа салынып жатқан құбырлар ыстыққа төзімді. Оның сыртына қатты ыстыққа бейімделген мақта мен кардон салып қаңылтырмен қапайтмыз.

Әбубәкір Бектұрғановтың 20 жылдық еңбек өтілі бар дәнекерлеуші. Уақытша еңбек көзінен  қағылған соң, Приозерск қалалық жұмыспен қамту орталығына жүгінеді. Бірден мамандығы бойынша қзандықтағы құбырларды дәнекерлеу ісіне жұмылдырылды. Қазір айсайын жалақысын тұрақты алып отыр.

Әбубәкір БЕКТҰРҒАНОВ, дәнекерлеуші:

-Жұмыссыз емеспін, жағдайымыз жақсы. Қажетті материалдар келіп жатыр. Қазір  5 ші қазандықты бітірдік. Енді екінші үшінші бітеді.

Шаһарда «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша,Ағыбай батыр көшесіндегі тұрғын үйлердің сыртқы келбеті қайта қалпына келтірілуде. Себебі,Кеңес одағы кезінде салынған ғимаратқа мұндай жаңғырту жұмысы - бірнеше жыл мұғдарында қажет болған. 3 тұрғын үй қаспеті толығымен жаңаланып, қабырғасын жылу сақтағыш материалдармен қаптап жатыр. Бағдарлама бойынша 3 жобада 11 адам жұмысқа қамтылған. 

Темірхан АЙДАРХАНОВ, ТКШ тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы:

-Келесі жылы тағы жөндеуді қажет ететін бірқатар үйлерді қайта қалпына келтіру жоспары тұр. Бұл қала әкімімен бірлесіп 5 жылға жоспарланған жобалар.

Дәл осындай жаңарту жұмыстары шаһардағы 3 көп қабатты тұрғын үйгеде жүргізілетін болады. Осы үйлер алдындағы балалар ойнайтын алаңдар жөнделіп, жолдар асфальттанбақ.

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар