ҚЫСТЫҢ ҚАМЫН ЖАЗДА ОЙЛА

14:12, 17 шілде 2019

Приозрск қаласында жылу беру маусымына дайындық қазір қызу жүріп жатыр. Жылу электр стансаларында қазандықтар жаңартылуда. Қосымша жолдар жөнделіп, аулалар аббаттандырылуда. Қалалық әкімдік бұл шараларға қазынадан қажетті қаржы бөлген екен. Қазір жауапты мамандар бұл жұмыстарды қатаң бақылау үстінде

Бұл Приозерск қаласындағы №1 қазандық. Шаһардағы  73 көп қабатты тұрғын үйді 47 әлеуметтік маңызды нысанды және әскери бөлімдерді жылытады. Биыл қазандыққа  ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Яғни  2 жылу алмастырғыш ,  4 су сорғыш, 12 сырма  ауыстырылды. 60 метр су құбыр желісі жаңаланды.  8 жыл бойы жаңартылмағаннан кейін биыл бірқатар ақау пайда болған.  Қайта қалпына келтіру шараларына облыстық және жергілікті  бюджетен 200  млн теңгеден астам  қаржы  бөлінген.

Өмір ЖҰМАТАЕВ, №1 қазандық басшысы:

-Мына су сорғыштар, мына қондырғылар бәрі ескеріп жатты. Сол үшін әкімдікке өз ұсыныстарымызды айтқатынбыз. Барлығы сәтімен өтті. 2020 жылға сәтті кіреміз деп ойлаймыз. 1 қазандықтың трубаларын ауыстырып жатырмыз. Осы айдың ортасында бітіріп, сыртын бәрін қаптап шығамыз деп отырмыз.

Қала ішіндегі жылу беретін құбырлар жаңалануда.  Бауыржан Момышұлы атындағы көшедегі  жылу құбырлары толық ауыстырылған. Сапасына жоғары баға берген  мамандар бірнеше жылға шыдайлды дейді. Қазір  әртүрлі диаметрде 780 метр  құбыр жаңартылуда.

Темірхан АЙДАРХАНОВ, Тұрғын үй коммуналды шаруашылық автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясының бөлім басшысы:

-Мұның ішінде 1, 4 магистралда 280 метр ауыстырылды. 100 пайыз толық дайын. Көктем айында қыс маусымы біткенде диспечерге бөлінген заявкаларға қарап анализ жасалады. Сол анализ бойынша көп тіркелген құбырлар таңдалып, ең осал деген жерлерге семталық жоба жасалады. Барлығы жоспарға сәйкес ауыстырылған.

Приозерск қаласында автокөлік жолдары да  жөнделіп жатыр. Балхаш көшесі  бойындағы 370 метр жолға асфальт төселуде.  Қосымша  бордюр жиекшелер қойылып,  6 жол белгісі  орнатылады. Бұл мақсатта бюджеттен 15 млн 600 мың теңге қаржы бөлінген. Тамыз айынан бастап жаңа жолдың игілігін  жүргізушілер көретін болады. 

Гүлбақша АҚАЖАНОВА, тілші:

-Приозерск қаласында көшелерді аббаттандыру жұмыстары да қарқын алған. Биыл 5 аула аббаттандырып, 3 балалар ойнайтын алаң салынбақшы. Дәл қазір Б.Момышұлы көшеде көп функцияналды корт салыну үстінде Мұнда жаздың күні балалар футбол, қыста хоккей ойнап, салауатты өмір салтын ұстанатын болады.  бойынша  5 аула, 3 балалар ойнайтын алаң салынады.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар