ҚЫСҚЫ МАУСЫМҒА ӘЗІРЛІК

13:55, 10 шілде 2019

Бұдан былай кенді өлкедегі көмірдің сапасы мұқият тексерілетін болады. Осы мақсатта облыс орталығында арнайы зерттеулер жүргізетін комиссия құрылады

Бүгінгі таңда облыста қысқы маусымға әзірлік қарқынды жүруде.  Бюджеттік ұйымдардың 60% -дан астамы көмірді сатып алу бойынша конкурстық рәсімдерді өткізіп үлгерген. Алайда, Қарағанды қаласында жылу желілерін жөндеу жұмыстарында бірқатар кешігулер орын алуда.  Қазіргі уақытқа дейін мамандар, жылу құбырларының 40% -ын жөндеуден өткізіпті.

Ұлантай ҮСЕНОВ, облыстық энергетика және ТКШ басқармасының басшысы:

-Бюджеттік ұйымдарда 138 мың тонна көмірді сатып алу бойынша конкурстық рәсімдер өткізілді. Қаражал қаласы мен Нұра, Осакаров, Бұхар жырау, Шет аудандарында конкурстық рәсімдер аяқталды. Сондай-ақ, денсаулық сақтау мен білім беру басқармасында да  жұмыстар өткізілді.   Айдың соңына дейін көмір тасымалы бойынша келісімдер шешімін табатын болады.  

Қысқы отынды пайдаланатын тұрғындарға қолайлы жағдай жасау үшін өңірде  пилоттық жоба іске қосылмақ. Осы арқылы қарағандылықтарға онлайн негізде көмір сатып алуға тапсырыс беруге мүмкіндік туады.

Алмас АЙДАРОВ, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары:

-Биылғы жылы Қарағандыда сынақ негізінде  Smart Komir онлайн-өтінімін іске қосуды жоспарлап отырмыз. Бұл бастама  жүзеге асуы арқылы қарағандылықтардың Шұбаркөл көмірін сатып алуларына жол ашады.  Халық арасында ақпараттық жұмыс әлі де  жүргізу  қажет. Қазіргі таңда Шұбаркөл көміріне баға белгіленуде.

Облыс әкімі қарағандылықтарды қысқы маусымды күтпей –ақ, қазірден бастам қысқы отынға қамдануға шақырды. Қазір бағасы қол жетімді қара алтынның сұранысқа да жеткілікті қоры жиналған.  Өткен жылыту маусымында облыс тұрғындарының көмір сапасы нашарлығына шағымданғанын ескеркен жергілікті билік мамандармен бірлесе  сертификаттарды мұқият тексеріп, қара алтынды арнайы талдаудан өткізбек. Одан бөлек,   облыс басшысы жауапты тұлғаларға  қазандық және жылу желілеріндегі жөндеу жұмыстарын аяқтау кестесінен кешікпеуді тапсырды.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар