ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

13:27, 3 қыркүйек 2019

Балқаш қаласының жұмыспен қамту орталығы сәуір айынан бері 7 мамандық бойынша жұмыссыз жандарды оқытуды бастаған болатын. Оның ішінде, халық сұранысына сай, сирек кездесетін салалар да қамтылған

Балқаш қаласында бүгінгі күнге дейін электрик пен дәнекерлеуші мамандығын қысқа мерзімді тәмамдаған 30 адамның басым бөлігі жұмысқа тұрып үлгерген. Бір ғана «Балқашэнерго» мекемесі электромонтер кәсібін оқыған 5 жанды  қызметке алған. Соның бірі 25 жастағы Сергей Васильев. 

Сергей ВАСИЛЬЕВ, қала тұрғыны:

- Өз мамандығым бойынша жұмыс таппағандықтан, жұмыспен қамту орталығының қызметіне жүгіндім. Электромонтер мамандығы бойынша курс ашылғанын көріп, бірден білімімді арттыруға бел будым. Екі айдан астам тәжірибемді арттырып, соңында жұмысқа қабылдандым.

24 сәуірде басталған қысқа мерзімді оқыту курсын 30 адам тәмамдаған. Үш айлық оқытуда 19 адам дәнекерлеуші, ал 11 адам электрик кәсібін меңгерген. Дәнекерлеушілердің басым бөлігі «Балқаш Универсал» мекемесіне жұмысқа қабылданса, өзгелері жеке меншік кәсіпорындардан нәпақасын табуда.

Асылай ӨМІРЖАНОВА, ХЖҚО-ның маманы:

-Жұмыспен қамту орталығында жаңадан оқыту орталықтары  ашылмақ. Олар маникюр, іс қағаздарын жүргізу және косметолог. Жұмыссыз жүрген жандарды Балқаш қаласының жұмыспен қамту орталығына шақырамыз. Оқу мерзімі 3 ай. 16759 теңге көлемінде шәкіртақы төленеді. Әр курс бойынша оқытуға 10 адамнан қабылдаймыз.

Бүгінде, Балқаш қаласы бойыша жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайыз шамасында. Қысқа мерзімді оқыту арқылы біліктілікті шыңдау бос жүрген  жастардың да еңбекпен қамтылуына зор септігін тигізген.  

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар