«ҚЫРАН ҚАЗАҚ» ҚОЙЫЛЫМЫНЫҢ ПРЕМЬЕРАСЫ КӨРСЕТІЛЕДІ

13:49, 4 мамыр 2019

Биыл Кеңес Одағының Батыры, жерлесіміз Нұркен Әбдіровтің туғанына -100 жыл.Осыған орай С. Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театрының шығармашылық ұжымы көрерменге жаңа қойылым ұсынады

С.Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театрының әртістері қазір спектакльге қызу дайындық үстінде.Пьеса авторы белгілі драматург Кеңес Жұмабеков.Ал қойылымның қоюшы- режиссері Шыңғыс Айтматов атындағы халықаралық  сыйлықтың лауреаты Қуандық Қасымов.Туындыда біртуар батырдың қан майданда  көрсеткен қайтпас қайсарлығы бейнеленеді. Данқты әскери ұшқыш Нұркен Әбдіровтің екінші дүниежүзілік соғыстағы туған жеріне деген сарғайған сағыныш сезімі де эпизодтта арқау болады.Айта кетейік «Қыран қазақ»  спектаклі Станиславский атындағы орыс драма театрында 5 мамыр күні сағат 17.00-де сахналанады.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар