ҚЫЛМЫСТЫҚ АХУАЛ

15:58, 14 қаңтар 2020

Қарағанды облысы - азаматтардың құқығын бұзу тұрғысынан Республика бойынша 4-ші орында тұр. Мысалы өткен жылы азаматтардың құқығын таптау бойынша 89 факт тіркелсе, 2018-ші жылы не бары 39 жағдай болған. Бұл туралы облыстың бас прокуроры Марат Сексембаев мәлімдеді

Полицейлердің пікірінше өткен жыл оңай болмаған. Ауыр қылмыстар саны 10 пайызға артыпты. Мұндай заңсыз әрекеттер әсіресе Сәтпаев, Теміртау, Балқаш Жезқазған қалаларында көптеп тіркелген.

Ерлан ФАЙЗУЛЛИН, облыстық ПД басшысы:

- Өткен жылы ел арасында резонанс тудырған барлық қылмыстық істерді тергеп-тексеріп сотқа жеткіздік. Жалпы оперативті ахуал бір қалыпта болды. Ауыр қылмыстар саны 10 пайызға артты.

Соңғы уақытта барлық қалада ұрлық-қарлық көбейген. Керек десеңіз мал ұрлығы 3 есеге артыпты. Ал, нашақорлықтың ізін кесу бойынша былтыр 300 қылмыстық іс анықталған.   

Ерлан ФАЙЗУЛЛИН, облыстық ПД басшысы:

- Былтыр 1 тонна 829 кг нашақорлық заттар тәркіленді. Рұқсат етілмеген мұндай заттарды аса ірі көлемде сақтайтындардың қарасы көбейген.

Ал, бірқатар аудандарда полицейлер тарапынан азаматтардың құқығын бұзған жағдайлар байқалады. Облыстың бас прокуроры мұндай әрекеттер қатаң жазаланатынын ескертті.

Марат СЕКСЕМБАЕВ, Қарағанды облысының прокуроры:

- Өткен жылы азаматтардың құқығын таптау бойынша  89 факт тіркелді. Ал, 2018-ші жылы 39 факт болған. Бұл айтқанға оңай бірақ, азаматтардың құқығын таптауға болмайды ғой. Біз республика бойынша азаматтардың құқығын таптаудан 4-ші орында тұрмыз. 

Өз кезегінде Қарағанды облысының әкімі құқық қорғау саласының материалдық – техникалық базасы жаңартыла беретінін айтты. Мысалға биыл тағы 200 қызметтік көлік алу жоспары бар.

Жеңіс ҚАСЫМБЕК, Қарағанды облысының әкімі:

-Биыл ЖилСтройБанкпен бірлесіп тұрғын үй бағдарламасын енгіземіз. Биылғы жылдың соңына дейін полицейлердің алғашқы легі пәтер кілттерін ала бастайды. Материалдық-техникалық базада назардан тыс қалмайды.

Сондай-ақ облыс әкімі қылмысқа қарсы күресте құқық қорғау саласының қызметкерлері үздіксіз қызмет етуі тиіс деп тапсырды.

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар