ҚЫЛМЫС САНЫ АРТҚАН

16:06, 11 қаңтар 2019

Қарағанды облысында жасөспірімдерге қатысты жыныстық қатынас сипаттағы қылмыс саны артып келеді. Осындай жаға ұстатар жәйт бүгін кәмелеттік жасқа толмағандарға арналған ауданаралық мамандандырылған сотта мәлім болды. Өткен жылды қортындылаған мамандар ажырасу мәселесі де айтарлықтай көбегенін айтады.

Кәмелеттік жасқа толмағандарға арналған ауданаралық мамандандырылған сотта 12 айдың ішінде 1125 әкімшілік іс қаралыпты. Бір қуанарлығы, өткен жылмен салыстырғанда мұндай сипатта балалар арасындаңы қылмыстық іс 115 іске азайған. Сондай-ақ былтыр отбасылық сот барысында ауқымды жұмыс жүргізілген.

Дәурен САЙХАНОВ, кәмелеттік жасқа толмағандарға арналған ауданаралық мамандандырылған сот төрағасы:

-Отбасылық сот аты айтып тұрғандай отбасылық мәселені қарайды. Оның барлығы біріктірілген мамандандырылған сотта болады. Бірыңғай тәжірибе болғандықтан, өте ыңғайлы. Негізі бұл тәжірибе өткен жылы тоқтауы тиіс болған, бірақ, тиімділігін байқатқан соң, тағы да ұзартылды.

Жасөспірімдерге қатысты сексуалды сипаттағы қылмыс саны артқан. Басым көбі ауылды жерде. Ажырасу мәселесі де межеден асып барады, деп дабыл қағады мамандар. Теміртау қаласындағы балабақшаның бірінде тәрбиешінің баланы тұншықтырып сабаған жағдайы да ел ішінде алаңдаушылық тудырған еді. Бүгінде ол толық жазасын алған.

Галина ЖИЛИНА, Кәмелеттік жасқа толмағандарға арналған ауданаралық мамандандырылған соттың судьясы:

- Мұнда балаларды тәрбиелеуде өз ісіне салғырт қарап, аса қаталдық танытықан деген бап бойынша шешім шықты.  Тәрбиеші қамауға алынды. Ол қоғамдық жұмысқа жегілуі тиіс. Баланың анасы азаматтық шағым түсірді. Онда моральді шығым көлемі 200 мың теңге деп белгіленді. Қазір шешім заңды күшіне енген.

Қазір істі сотқа дейін шешу бойынша да жұмыстар жүргізіліп келеді. Медиациялық қызмет нәтижесінде 24 іс сотқа дейін шешілген. Оның 8-і қылмыстық сипаттағы істер.

Дауренбек БАҚДАУЛЕТ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар