КҮЗЕТ КӨЛІГІНЕ ШАБУЫЛ ЖАСАЛДЫ

18:55, 25 маусым 2020

Қарағандыдақылмыстық оқиға орын алды. Қаскүнемдер қомақты қаржы тасымалдайтын инкассаторлық көлікке қарулы шабуыл жасады

Өздеріңіз бейнекадрдан көріп тұрғандай, қарақшылар инкассаторлық көлікті тонаған.Содан кейін суық қолды ұрылар күзетшіге қару кезеніп, сес көрсеткен. Артынша олар ақшаны алып,қылмыс орнынан бой тасалаған. Осыған байланысты қалада құрықтау«Сирена» жоспары жарияланды.Қазір жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.Күдіктілерді анықтап, оларды қолға түсіруге облыстың ішкі істер органдарының барлық жеке құрамы жұмылдырылған.


Жанатай СЕМБЕКОВ, облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі

25 маусым сағат 10.40-та Қарағанды қаласы Складская көшесінде «ВАЗ 2110» көлігіне мінген екі белгісіз адам «Лада Гранта» автокөлігімен жол-көлік оқиғасын ұйымдастырған. Автокөлік қаладағы күзет агенттіктерінің біріне тиесілі. Қылмыскерлер 24 жастағы күзетшінің ақшасы мен қаруын алып кеткен.«Осы факт негзінде ҚР ҚК 192-бап, 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар