ҚҰТҚАРУШЫЛАРДЫҢ КӨМЕГІ

16:37, 20 мамыр 2020

Қарағандылық құтқарушылар үйде қамалып қалған балаларды құтқарды.Төтенше жағдай қаламыздың Оңтүстік шығыс ауданындағы Язев көшесіндегі зәулім үйлердің бірінде орын алған. Балалардың анасы үйден шыққан бетте,олар есіктегі жылжымалы ілмекті іштен жауып алады Аналары есікті қағып ашқызбақшы болған.Бірақ, бұл әрекеті еш нәтиже бермеген

Нәзікжан бірден 112 телефонына қоңырау шалады.Көмекке келген құтқарушылар көлік-сатысы арқылы балконға кіріп, пәтерге енеді. Осыған ұқсас оқиға Гаппев көшесінде де, орын алған болатын.Төтенше жағдай қызметкерлеріне көршілер хабарласып көмекке шақырған.Құтқарушылар балкон арқылы кіріп, үй ішіндегі кішкентай қыз баланы құтқарған.Пәтерде үш жасар тағы бір бүлдіршін болған.Құтқарушылардың жедел әрекет етуі өз жемісі мен нәтижесін көрсетіп, бала аман - есен құтқарылған еді. 

Біржан КӘРІМОВ, облыстық ТЖД басшысының орынбасары:

- Жыл басынан бері осындай 184 оқиға орын алды. 204 адамға көмек көрсетілді. Оның 75-і бала. Сондықтан айтарым, үйде кішкене балалары  мен мүмкіндігі шектеулі жандарды жеке қалдырмаған жөн. Ал, үйдегі есіктердің құлыптарының жылжымалы болмағаны дұрыс -дер  едім.

Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар