ҚҰС ФЕРМАСЫН АШУ ЖОСПАРЛАНУДА

12:05, 13 қаңтар 2021

Биыл облыстың ауыл шаруашылық саласында сүт өнімдері мен құс фермасын ашу жоспарлануда. Оған бюджеттен 5,1 млрд теңгені қамтитын бес жоба іске асырылады. Осылайша ірі қара мал басының жалпы санын 1 млн 500 жеткізбек. Жаңадан құрылатын жобада қанша жұмыс орны құрылмақ?

Мал шаруашылығын дамытуға жағдай жасау үшін қосымша жұмыстар жүргізіледі. Биыл агро өнеркәсіпті дамытуға 5,1 млрд теңгеге сәйкес келетін бес жоба іске асырылады. Соның нәтижесінде 130 жұмыс орны құрылады. Ірі қара мал басының жалпы саны 1 500 болатын үш тауарлы-сүт фермасы салуды бекітіп отыр. Осылайша, құс фермасы мен жаңадан тоңазытылған сиыр етін өндіру кәсібі іске қосылады.

Сырым БОШПАНОВ, облыстық ауыл шаруашылық басқарма басшысының орынбасары:

- Сүт тауарлы 3 үлкен жобаны ашуды жоспарлап отырмыз. Ол Абай ауданына қарасты «Астро агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Шанс» шаруа қожалығы мен Осакаров ауданына қарасты «Салтанат» шаруа қожалығы жанынан 1500 басқа арналған ферма ашу ойластырылуда. Бұл қожалықтар қазір қора жабдықтарымен айналысып жатыр. Соvid-19 салдарынан жұмыстарымыз биылға шегерілді. Енді осы жылы кірісеміз. Тіпті «Астро агро» шаруа қожалығы шетелдермен келісімшартты орындап қойған. Тек жеткізу жұмыстарын орындау керек.

Мемлекет  ауыл шаруашылығы өнімдерін арттырудың ішкі нарықтарын ашу бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Экспорт көлемі 12,5%-ға, оның ішінде өңделген өнім үлесін 73%-ға дейін ұлғайтады. Сонымен қатар, аграрлық саланы ұзақ мерзімді дамыту стратегиясын іске асыру үшін цифрландыру жұмыстары жалғасады.

Сырым БОШПАНОВ, облыстық ауыл шаруашылық басқарма басшысының орынбасары:

- Осы жұмыстарды іске асыруда мемлекеттік қолдау қарастырылған. 2020 жылы 21 мрд ал, осы жылы 19 млрд-тан артық қаржы қарастырылып отыр. Оның ішінде инвест жобаны ашу кезінде шыққан шығынды «Бөтеу» бағдарламасы өтеп отыр. Сонымен қоса жергілікті бюджеттен 1,5 млрд қолдау көрсетіліп отыр.

Облыс бойынша агро өнеркәсіп саласында 2021 жылы жалпы өнім шығаруды 429 млрд теңгеге дейін арттыру көзделіп отыр. Ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егіс алаңын ұлғайту және су ресурстарын тиімді пайдалану есебінен жүзеге асырылмақ. Мамандардың мәліметінше 500 гекттар суармалы жерді айналымға беру де қарастырылмақ. Сондай-ақ су тарату жөніндегі қызметтер құнын арзандатуға субсидиялар төлеуді жалғастырады деп күтілуде.

Жаннұр СҮНДЕТУЛЛАҚЫЗЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар