ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ

13:07, 9 шілде 2020

Жаңаарқа ауданында биыл тамыз - қыркүйек айларында 72 отбасы жаңа, әрі жайлы баспаналарға жайғастырылады.Дамудың даңғыл жолына түскен өңірде «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында бес бірдей тұрғын үйдің құрылысы сапалы жүргізілуде.Сәтін салса, берекелі жобаның нәтижесінде халықтың әлеуметтік осал топтары пәтермен қамтамасыз етіледі

Жаңаарқа ауданындағы бес тұрғын үйдің құрылысы былтыр қыркүйек айында басталған болатын.Санаулы уақыт арасында баспананың іргетасы сапалы құйылып,қабырғасы мықтап қаланды.Қазір мұнда бір сегіз және 4 он алты пәтерлік баспана сапасынан сын таппайтындай етіп салынып жатыр.Ал ИП «Құрылыс «компаниясы директорының орынбасары Бауыржан Досжан жүгі ауыр жауапты міндетті мейлінше салмақпен сезініп, жоспарлы жұмысты жүйелі жүргізуде. 

Бауыржан ДОСЖАН, ЖК «Құрылыс» директорының орынбасары:

-Бес үйдің құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.Екі үйдің шатырын орнату жұмыстары жүргізілуде.Сонымен қатар  ішкі әрлеу мен тоқ тарту жұмыстары  қолға алынған.Едендерде құйылып жатыр.Атап айтқанда отандық құрылыс материалдарын қолданудамыз.

Бағыты айқын жоба - береке бастауы болып отыр.Екі қабаттан тұратын  үйлер «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында еңсе тіктеді.Бір ерекшелігі баспаналар блоктан тұрғызылған.Құрылыс алаңында қазір 50 астам  адам тынбай жұмыс істеуде.Тәжірбиесі жоғары мамандардың дені Жаңаарқа ауданымен Қарағанды және  Жезқазған қалаларынан келгендер.

Тоқсан БАБАСОВ, Жаңаарқа ауданы құрылыс бөлімінің жетекшісі:

-Бүгінгі таңда «Нұр Отан» партиясымен бірлесіп,  қадағалау жұмыстары ай сайын жүргізілуде. Қазіргі уақытта  техникалық байқау және авторлық бақылау тарапынан апта сайын  құрылыстың сапасы тексеріледі.

Заманауи баспаналарды тұрғызуға республикалық және облыстық бюджеттен 681 миллион теңге бөлінген.Жаңаарқа ауданында өткен жылы дәл осындай екі үй  қолданысқа берілген еді.. Ал биыл өңірде  72 отбасы қоныс тойын тойлайды.Тамыз бен қыркүйек айларында төрт терезесі тең, бөлмелер кең, пәтерлердің кілттері мүмкіндігі шектеулі жандар мен жетім балалар және  жалғыз басты аналарға табысталады. Қысқасы экономикасы қуатты  құрылысының қадамы қарышты Жаңаарқаның тірлігі төрлеп, өміршең жобалар өрлей бермек.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар