ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫН АЛМАҚ

16:53, 13 шілде 2017

Шет ауданында соңғы жылдары құрылыс қарқыны бәсеңдеп, тұрғын үйге қол жеткізуге ниеттілер саны артқан. Көлік жолдары да жөндеу жұмыстарына сұранып тұр. Аталған аумаққа жұмыс сапарымен барған аймақ басшысы Ерлан Қошанов баспанамен басы қатқан елдің базынасын тыңдап, жол мәселесін де жөнге келтірудің жолын қарастырды

Шет ауданына қарасты Ағадыр кентінде бүгінде 285 адам тұрғын үй кезегінде тұр. Бұл көрсеткіштің артуы- ауданда құрылыс жұмыстарының соңғы жылдарда баяулап қалуымен тікелей байланысты. Аталған олқылықты жою үшін жергілікті билік қаңырап тұрған 5 қабатты тұрғын үйге жөндеу жұмыстарын жүргізбек. Осылайша, үй кезегіндегі 70 жанұя жаңа баспанамен қамтамасыз етілмек. Ғимарат он жыл бұрын  аудандық экономика және қаржы бөлімінің балансына өткен.  Содан бері бірнеше рет аукцион арқылы сатылымға қойылғанмен, сатып алуға ниеттілер табылмаған.

Ерлан ҚОШАНОВ Қарағанды облысының әкімі

Сіздердің ауданда құрылыс қарқыны өт төмен.

«Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде ауданға қарасты Ақжал кентінде құны 74 миллион теңгенің 12 пәтерлі тұрғын үйін салу жоспарға еніп отыр. Одан бөлек, Ақсу-Аюлы кентінде де жаңа баспаналар бой көтермек. Облыс әкімінің ауданға жұмыс сапары барысында жол мәселесі де назардан тыс қалмады. Ағымдағы жылы аудандағы жолдарды жөндеуге республикалық бюджеттен 660 миллион теңге бөлініпті. Ауданда 508 шақырым жол болса, шамен 250 шақырымы жыл соңына дейін қайта қалыпқа келтірілмек. Келер жылы да жолдардың қалған бөлігі ретке келтіледі. Ол үшін бюджеттен 1 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінбек. Ауданның ардагерлер кеңесі жол жөндеу жұмыстарының сапасын қатаң бақылауға алуды сұрады.   

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тақырып бойынша материалдар

Биыл Қарағанды облысында 1000-нан астам тұрғын қоныс тойын тойлайды
20:35, 23 ақпан 2018
Биыл Қарағанды облысында 1000-нан астам тұрғын қоныс тойын т...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінде «Қазақстан суретшілерінің мұрасы» атты көрме ұйымдастырылды
12:50, 20 ақпан 2018
Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінде «Қазақстан сурет...
Толығырақ...
Жедел жәрдем қызметі енді жаңа ереже бойынша жұмыс істейді
16:38, 21 ақпан 2018
Жедел жәрдем қызметі енді жаңа ереже бойынша жұмыс істейді
Толығырақ...