КҮРМЕУЛІ МӘСЕЛЕ ҚАРАЛДЫ

14:01, 12 шілде 2019

Қарағанды қалалық мәслихатының депутаттары темір жол полиция бөлімінің тәртіп сақшыларына кеңес құруды ұсынды. Ал халық қалаулылары айтуынша участкелік полиция жалпақ жұртқа жақын болуы тиіс. Сұрыптау кентінде қоғам белсенділері, полиция басшылары және тұрғындардың қатысуымен тұрақты комиссияның жиналысы өтті

Тұрақты комиссияның отырысында Қарағанды қалалық мәслихат депутаттары жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту,құқық бұзушылықтың алдын алу  секілді мәселелер қаралды. Жиналыста халық қалаулылары  қоғамдық тәртіпті   сақтау және  қылмысқа қарсы күрес жүргізу жұмыстарында басты назарға алды.  Ал темір жол полиция бөлімі бастығының айтуынша Сұрыптау кентінде қылмыстың 50 пайызға төмендегені  байқалған.

Асқар СӘДУАҚАСОВ, темір жол полициясы бөлімінің бастығы:

-Қазір учаскелік инспекторлармен жұмыс жасаудамыз. Бірінші міндет  түнгі уақытта  спирттік ішімдіктер сатпау. Осыдан кейін барлық түнгі қылмыстар басталады.  Бізде екі машина бар, участкелік инспекторлар үшін тағы екі көлік сұрадық.  Жақында пәтер сатып алдық. Соған жөндеу жұмыстарын жасаймыз.Онда арнайы  пункт болады.

Алайда депутаттар учаскелік инспекторлар тиімді тәсілдер мен басқада механизмдерді қолдану арқылы жұмыс жасау керек -деп санайды.Қарағанды қалалық мәслихаты хатшысының пікірінше, жағдайы жайсыз отбасылар және жүгенсіз кеткен жасөспірімдер үшін профилактикалық әңгімелесумен шектелу жеткіліксіз.

Құдайберген БЕКСҰЛТАНОВ, Қарағанды қалалық мәслихатының хатшысы:

-Міне сізде 4 адам, 12 участкелік полиция инспекторы бар.Тұп-тура бір футбол командасы.Олармен футбол ойнаңыз.Яғни есепте тұрған жасөсіпірімдермен. Мен балаларды 16-шы түрмеге апардым.   Оларға жасөспірімдер отырған камералар көрсетілді.   Әуелі қарапайым тілдесуден бастап,  футбол және фильмдерді көрсету керек. Ондай жасөсіпірімдермен нақтылап айналысу керек.

Депутаттар Сұрыптау кентіндегі көптеген жасөспірімдердің жеңіл есірткі заттарын қолданатына қатты алаңдайды. Қоғамдық кеңес мүшесі Оразалы Жекебаев мұнда көп жылдан бері тұрады. Ол анашаның қайда сатылатынын бір кісідей біледі.

Оразалы ЖЕКЕБАЕВ, Қарағанды қалалық қоғамдық кеңесінің мүшесі:

-Барлығы жақсы білетінін анық. Сақтайтын жерінде қожайыны бар.  Күллі  жасөсіпірмдер сол маңайда жүреді. Оның әр жағында  футбол лаңы мен  балабақша бар. Тәулік бойы айтудамыз.  Барлығына белгілі, бірақ полицей болмайды.

Қоғамдық  қоғамдық тәртіпті сақтау және қылымспен күрес бойынша  көрсеткіштерді жақсарту үшін халық қалаулылары  полицейлерге кеңес құруды ұсынды.

Құдайберген БЕКСҰЛТАНОВ, Қарағанды қалалық мәслихатының хатшысы:

-Әріптестер, алдын алу мәселесіне осылай қараудың қажеті жоқ. Тексердік, кетті, жазды, жіберді. Бұл нәтиже үшін жеткіліксіз. Егер біздің азаматтарымыздың түйсігі  болса, мен тағы да  қайталап айтамын. Кент тұрғындарының қолдауынсыз сіз мұнда тәртіп жасай алмайсыз.

Ашық кәріз жүйелерінің мәселесінде депутаттар тәптіштеп қаузады. Халық қалаулыларының  пайымдауынша бұл проблеманы полицейлер басты бақылауға алып, метал қабылдау  бекеттерінің иелерін  жауапкершілікке тарту керек-деп ой түйді.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар