ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

13:56, 2 қыркүйек 2019

Шахтинск қаласының тұрғындары Ата Заң мерекесінде бірнеше жағымды жаңалыққа куә болды. Пәтер кезегінде тұрғындар баспаналы болып, қоныс тойын тойлады. Ал алтын құрсақты аналардың кеудесіне «Күміс алқа» белгісі тағылды

Конституция мемлекет пен қоғамға ғана емес,  әр отбасы үшін де маңызды. Осымен 24 жыл Ата заң елдің тірегі, тәуелсіздігіміздің тұғыры болып келеді.  

Сержан АЙМАҚОВ, Шахтинск қаласының әкімі:

-Конституция – бұл біздің Отанамыздың күш қуаты тұғыры. Демократиялық құрылымның мызғымас негізі. Ертеңгі күнге және біздің Отанымыздың жаңа жетістіктеріне сенімділікпен алға баса берулеріңізге, заңда жария етілген құқықтар мен еркіндіктің толық жүзеге асуына тілектестік білдіремін.

Мерекеде  Шахтинск қаласының 4 тұрғыны баспаналы болды. Қадиша Әйтенова – жеті баланың анасы. 2009 жылдан бастап пәтер кезегінде тұрған. Асқақ армандары дәл осы күні орындалып, 3 бөлмелі үйге қол жеткізді.

Қадиша ӘЙТЕНОВА, Шахтинск қаласының тұрғыны:

-Енді бүгін жүрегім жарылып, 3 комнаталы үй алып отырмын. Бұрын жәй жалдам жүретінміз. Бақытымын. Үкіметімізге әкімдігімізге рахмет айтамын.

Көп балалы аналар да ұлықталды.  Ләззат Ерназароваға  «Күміс алқа» тағылды. Алтын құрсақты ана 6 балаға дүние жарығын сыйлаған. Перзенттерімді саналы ұрпақ етіп тәрбиелеу басты мақсатым дейді.

Ләззат ЕРНАЗАРОВА, Шахтинск қаласының тұрғыны:

-Күміс алқам, айырықша ерекше сезімде болдым. Әрине қуаныштымын. Бала шағамыздың жемісі деп ойлаймын.

Қаланың гүлденуі ерекше үлес қосқан жандар   Шахтинск қаласы әкімінің құрмет грамотасымен марапатталды. Ал қоғамдық тәртіпті орнатып, ел тыныштығы үшін еңбектеніп жүрген құқық қорғау орган қызметкерлері «Ерен еңбегі» үшін медаліне ие болды.  Жұмысқа жаңа қабылданған жас мемлекеттік қызметкерлер ант берді.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар