ҚҰРБАН АЙТ АТАП ӨТІЛУДЕ

13:39, 12 тамыз 2019

Құрбан айт мерекесінде ұлттық ойындардан сайыстар өтті. Мұсылман халқы құрбандыққа мал шалып, оны жағдайы жоқ жандармен бөлісті. Тіпті мал союға арнайы жабдықталған орындар да дайындалынған

Таңғы жетіде  «Әл машани» атындағы қалалық мешітінде ине шаншыр жер  болмады. Құрбан айт мейрамымен құттықтауға келгендердің арасында Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары да болды.

Мұсылмандардың мейрамына мешті қызметкерлері ұлттық ойыннан сайыстар өткізді. Гіртасын көтеру, арқан тартыс сынды додалардың жеңімпаздарына ақшалай сый ақы берілді. Ал, қойды көтеру жарысында сыйлыққа сол қойды атады. Гір тасын көтеруде жүзден жүйрік атанған қатысушымыз 80 мәртеге дейін жеткізді.

Тілектес ДАРХАН, сайысқа қатысушы:

-Өзім енді қоян қолтықтан спорт шеберіне үміткермін. Кезінде айналысқанмын. Ұазір өзім үшін. Сол жастарға спортпен айналыссын деп айтамын. Спортсыз өмір жоқ. Дінімізде де спортқа көп көңіл бөледі. Бәріне айтарымыз спортпен айналысу керек.

Айман САҒАТАЙ, тілші:

-Айт намазы оқылып біте салысымен мұсылман жұртшылығы құрбандық шала бастады. Аталған шара айттық үшінші күні ақшам уақыты кіргенге дейін жалғасатын болады. Бұған арнайы оқытылған қасапшылар да жұмылдырылған. Олар дүйім жұртқа малдың сойылу тәртібін көрсетті.

Азамат ОМАРОВ, қасапшы:

-Құбылаға қаратып, қойды сойып жатырмыз. Үш аяған ғ,ана байлап, бір аяғын бос жібереміз. Сол тәртібі. Келушілер көп, бес қой сойдық.

Жылына бір рет құрбан шалып, зекет беретіндердің қатарында  Ержас Айтуғанов та бар. Ол арнайы жабдықталған орынға келіп қойын сойған. Мында қойдың бағасы 25 мыңнан 45 мыңға дейінгі аралықта табуға болады екен.

Ержас АЙТУҒАНОВ, тұрғын:  

-Бізде сол ата-бабамыздың үрдісі бойынша бүгін келіп, құрбан шалып жатырмыз. Әкімшілікке рахмет. Жақсы ұйымдастырылыпты. Бұл экономикалық жағынан да,  әлеуметтік жағынанда пайдалы үрдіс.

Күллі мұсылман халқы үшін еркеше мейрам үш күнге созылмақ. Араз болған жандар татуласатын дәл осы күн. Сондықтан құрбан айт баршаға мүбәрәк болсын.

Айман САҒАТАЙ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар