ҚҰНДЫ ҚҰЖАТТАР МЕН ТОЛЫҚТЫ

16:07, 11 маусым 2019

Облыстық мұрағатта еңбек ардагері «Қарқаралы» ауданының құрметті азаматы Шалабай Қуанышевтің жеке мұрағат қоры ашылып,оның тұсаукесер рәсімі өтті. «Патриот», «Азамат», «Тұлға» деп аталатын арнайы шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынған.Оған, мемлекеттік органдардың, облыстық ардагерлер ұйымының және «Нұр отан» партиясының өкілдері мен белгілі ғалымдар туыстары мен әріптес болған достары қатысты

Облыстық мұрағаттың көрме залына келушілер көп жиналды.Басты мақсаттары артына өшпес із, мол мұра қалдырған Шалабай Қуанышевтің мұрағат сөрелерінде ойып тұрып орын алған құнды құжаттары мен қолжазбалары  және жеке парағы мен өмірбаяны сертификаттары және  дипломдары сонымен қатар газет  жарияланымдары мен  жақынырақ танысу екен .

Шалабай Қуанышев шырайлы шығыстың Семей өңірінде дүниеге келгенімен өмір жолы және  қызметтік сатылап өсу кезеңдері   Қарағанды облысында өткен.Осыдан 4 жыл бұрын дүниеден озған Шәкең, бұрынғы Қу, бертінгі Егіндібұлақ ауданында бас мал дәрігерліктен атқару комитетінің төрағасы қызметіне дейін жоғарылап,10 жыл бойы Егіндібұлақ аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы лауазымына  көтерілген. Оның адал еңбегі көзінің тірісінде ескеріліп,өз әділ бағасын алды.  Еңбек қызыл ту ордені мен «Құрмет белгісі» медалі және бірнеше мақтау-марапаттың иесі.

Бейбіт ҚУАНЫШЕВ, Ш.Қуанышевтің ұлы:

-Әкеміз бұрынғы Егіндібұлақ ауданын көтеруге зор үлес қосты. Шалғайдағы елдің өсіп-өркендеуіне еңбек сіңірді. Ауылды көтеруге комсомол-жастар бригадасын құруға қолдау көрсетті.

Шалабай Қуанышев өзінің құдай қосқан қосағы Гүлжазира Смағұлова мен 50 жылдан астам отасып 8 баланы дүниеге әкелген.Қазір одан 17 немере мен 5 шөбере бар.Атасының мол мұрасын насихаттап оны мәңгі есте қалдыру үшін Арғынғазы Бейбітұлы «Жауапкершілік шегі» атты кітапты жарыққа шығарып, мұрағатқа тапсырды

 

Арынғазы ҚУАНЫШЕВ, Ш.Қуанышевтің немересі:

-Осы кітапты атамның өмір жолына арнап отырмын. Оны мен өз борышым деп білемін. Жинаққа ол кісі жайлы жазылған мақалалар мен суреттерді еңгіздім.

Облыстық мұрағатта өткен ауқымды басқосу шарасына ағарту саласының ардагері,Шалабай Қуанышевтің әріптесі болған Төлеген Арконов та қатысып, Шакең жайлы естен кетпес естеліктер айтты 

Төлеген АРКОНОВ, Білім беру саласының үздігі,Ш.Қуанышевтің қызметтес досы:

-Мен ол кісімен бірге қызмет істедім.Қатал талап қоя білетін. Өте шындықты сүйе білетін азамат еді. Шәкеңнің бала-шағасына туыстарына деген алғысым шексіз.

Шалабай Қуанышевтің 60 тан астам құнды құжаттары облыстық мұражай қорына тапсырылды. Осындай  тағылымды шаралар  жалғасын тапса,өлке  

Сейітқали ӘШІМ

Теги: последние новости Караганды сегодня, новости и события в Карагандинской области, происшествия в Караганде

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар