КҮНДІЗГІ СТАЦИОНАР

15:53, 8 қараша 2019

Қарағандыда сегіз төсектік жаңа заманауи талапқа сай күндізгі стационар ашылады. Бұл қалалық алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығының филиалы.Тың жоба жүрек-қан тамырлары, неврологиялық және эндокринологиялық патологиясы бар науқастарға сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді

Стационар екі ауысымда жұмыс істей бастайды. Жалпы тәжірибедегі төрт дәрігер күн сайын қабылдау жүргізіп, салалық мамандар кесте бойынша кеңес береді. Мұнда  қажетті барлық жабдықтар бар, дәрігерге дейінгі, тексеру және емшара кабинеттері толық жабдықталған. Анализдер тапсыруға және инъекция алуға болады. Әр кереует науқас үшін өте ыңғайлы,  дәрігерлерге белгі беретін дабыл қаққыш қондырғы да орнатылған.  

Татьяна БАШИРОВА, медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығы директоры:

-Бұл бөлме науқастарды қарап, тексеруден өткізуге бағытталған. Аса ауыр сырқаттарды ерте  анықтап алдын алуға барлық қажетті құрылғылармен жабдықталған. 

Бұл жоба  "Денсаулық" бағдарламасы бойынша амбулаториялық және стационарлық емді алмастыратын көмек көлемін кеңейтуге бағытталған. Жаңа клиника қалалық алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығына яғни бұрынғы №2 емханасына  тіркелген адамдарға қызмет көрсетеді. Күніне 16 адам стационарда емделіп, 40 адам дәрігердің қабылдауында келе алады.

Татьяна БАШИРОВА, медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығы директоры:

-Стационарда әлеуметтік маңызы бар, созылмалы инфекциялық аурулары, қант диабеты бар пациенттерді динамикалық бақылау ұсынылады. Егер инъекция мен анализге, дәрі-дәрмектерге рецептер үшін келетін пациенттерді ескерсе, онда клиника күніне шамамен жүздеген адам қабылдай алады

Медициналық мекемеде навигация, "электрондық кезек" терминалы бар. Мүмкіндігі шектеулі жандарға да  барлық қолайлылық қарастырылған.   Жаңа клиника қараша айының соңында Лобода көшесі, 43 мекен-жайы бойынша іске қосылады.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар