КҮН ТӘРТІБІНДЕГІ МӘСЕЛЕЛЕР

13:27, 10 қыркүйек 2019

Облыстағы барлық фермерлік шаруашылықтарды тексеріп, ондағы адамдарды құлдықта ұстау фактісін толық жою керек. Бұл заңбұзушылыққа қарсы белсенді күрес жүргізілуі тиіс. Облыс әкімі аппарат жиынында тапсырма берді

Жақында әлеуметтік желіде сан жылдар құлдықта болған ер азаматтың жағдайы көпшілікті алаңдатқан еді. Бұл ақпарат облыс әкімінде бей-жай қалдырмаған сыңайлы. Сондықтан ол полицейлерге арнайы топ құрып, барлық фермерлерді тексеріп шығуды тапсырды. Ал, осындай факт тіркелген жағдайда құлдықта ұстағандарды қатаң жазалау керек деді.

Ерлан ҚОШАНОВ, Қарағанды облысының әкімі:

- Көші-қон және жергілікті полиция қызметімен бірігіп кешенді жұмыс жүрпгізіңіздер. Көші-қон полициясына тағар сын көп. Барлығын анықтау керек. Бұл бір реттік шара емес, жүйелі түрде өткізіліп тұруы тиіс.

Жиындағы тағы бір мәселе жылыту мауысымына дайындық жайы. Қазір облыста 8 станцияда дайындық жұмыстары жалғасуда. 25 қазандықпен 9 турбина жөнделді. Қарашаның 1-не дейін барлығы тиісті паспортты алуы тиіс.

Ермағанбет БӨЛЕКПАЕВ, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары:

- Әлеуметтік нысандарды көмірмен қамту 801 пайызға аяқталды. Қарқаралы мен Жаңа арқа аудандарында кестеден кешеуілдеу бар. Бюджеттік мекемелер 15-ші қыркүйекке дейін толық қамтылады деп ойлаймын.

Сондай-ақ газдандыру жұмыстары қалай жүргізіліп жатқаны да сөз болды. Бүгінгі таңда Жезқазған қаласында газ тарату желілерінің құрылысы басталған. Онда жер асты газ құбырын салу бойынша жұмыстары жүргізілуде. Талап кентінің тұрғын үйлеріне бөлу құрылысы басталды.  Жыл соңына дейін осы елді мекенде, сондай-ақ Теміртау қаласында Степан Разин көшесіндегі тұрғын үйлерді газға қосу жоспарланып отыр. Қарағандыда Бадин және Олимпийская көшелерінің тұрғындары газға қосылады.

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар