КҮН ТӘРТІБІНДЕ - СПОРТТЫ ДАМЫТУ

17:55, 14 наурыз 2019

Бүгінгі күні облыста спортпен шұғылданатын балалардың саны 24 пайыз ғана. Соңғы жылдары спорттың ұлттық түрлері белең алуда. Қарағанды, Сәтбаев, Абай және Нұра аудандары спортпен белсенді Тұрақты комиссия отырысында өңірдегі спортты дамыту мәселесі талқыланды

Спорт орталықтарының құрылысы, мүмкіндігі шеутеулі жандары салауатты өмірге тарту. Бүгін осы және басқа да мәселелер тұрақты комиссия отырысында талқыланды.

Серік ӨТЕШОВ, Қарағанды облыстық мәслихатының хатшысы:

-Бізде орталық бос. Ол жерде керемет триатлон парк жобасы салынатын болады. Қажет болса, теннис орталығы сол жерге қойылсын. Неліктен ағаштарды кесу қажет? .Атқарушы билік ретінде  шешім қабылдайсыздар, алайда халықтың пікірі де ескерілу қажет.

Халық қалаулылары денешынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысына  да алаңдаулы.   Олардың барлығы бір бір типті болып келеді. Жобада көптеген маңызды фактілер ескерілмейді екен.

Айман ТҮКБАЕВА, облыстық мәслихат депутаты:

-Барлық денешынықтыру-сауықтыру кешендері бір-біріне ұқсас болып келеді. Бір жоба бойынша салынады өйткені. Әр спорт түрі әр түрлі ғой, сондықтан бұл ескерілу керек деп ойлаймын.

Бүгінгі күні облыста спортпен шұғылданатын балалардың саны 24 пайыз ғана. Соңғы жылдары  спорттың ұлттық түрлері белең алуда.  Қарағанды, Сәтбаев, Абай және Нұра аудандары спортпен белсенді шұғылданатын аудандар қатарында. 

Дмитрий КАРПОВ, денешынықтыру және спорт басқармасының жетекшісі:

-2018 жылы 9 мыңнан астам спорттық іс-шаралар өткізілді. 500 мыңнан астам адам тартылды.  Мұның бәрі салауатты өмір салтын насихаттау шеңберінде.  10 мыңнан астам спортшы қатысқан 10 спартакиада  өткізілді.

Жуырда Қарқаралы, Абай және Теміртау қаласында  жаңа спорт кешендері пайда болады. Ат спортымен айналысатын ипподром салу және спорт клиникасының ашылуы да ортаға салынды. Сонымен қатар, облыстық мәслихаттың депутаттары жазғы және қысқы республикалық ойындарға қатысу кезінде біздің облыстағы спортшыларға арналған бірыңғай  киім тігу қажеттілігі туралы  да мәселені тілге тиек етті.

Райхан САЙРАНБЕК

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар