КҮН ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫ

14:06, 12 сәуір 2019

Шет ауданына қарасты Ақадыр кентінде салынып жатқан күн электр станциясы осы жылдың маусым айында, яғни 2 айдан кейін ең алғашқы электр энергиясын шығара бастайды. Қазір аумақты қоршау жұмыстары толық аяқталып, енді «KEGOC» электр тарату компаниясының жүйесіне қосылу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аз уақытта 150 мың панель мен алып электр станциялар жеткізілуі тиіс, бірақ бұл орайда кенттің жолдары шыдас бермей құрылғыларға зиян келуі мүмкін

Мына алып алаңның көлемі тұп-тура 120 гектар. Орта Азиядағы ең алып күн электр станциясын салған компания бұл жолы Шет ауданына бет бұрған. Саран қаласымен салыстырғанда геологиялық тұрғыда жері ыңғайлы, әрі тегіс және құрғақ дейді. Сондықтан жұмысқа көп кедергі жоқ. Маусымның 30-ы күні келісім бойынша «KEGOC» электр тарату  компаниясының жүйесіне алғашқы ток көзі жіберілуі тиіс. Жағдаймен жіті танысқан облыс әкімінің орынбасары кестеден кешікпес үшін бар кедергілерді қазір айтыңдар -деді. Олар тез арада шешімін табуы тиіс.

Алмас АЙДАРОВ, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары:

-Бірнеше сұрақтар бар, логистика бойынша 600 дей көлік келеді. Қазір қурылғы Астанаға жеткен, кеденнен өткен соң осында жеткізу керек. Одан басқа жұмысшылар саны бар.

Тағы бір мәселе бар, әдеттегідей құжат мәселесі созбаққа салады. Мұны Алмас Айдаров «өз бақылауыма аламын»- деді. Неміс инвесторлары қуаттылығы 50 мегаваттқа жететін станцияны салуға өзге кедергі жоқ дейді. Тек панэльдерді қою кезінде шамамен 100-ге жуық жұмысшы керек болады.

Евгений ГРЕБЕННИКОВ, «SES Saran» ЖШС бас директоры:

-Қазір біз қосымша анализдік жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Заң жобасымен танысудамыз. Тариф жүйесін танып, тағы да осы салада Қазақстанда жұмыс істесек дейміз. Себебі инвестициялық климат өте қолайлы, жақсы жағдай жасалған.

Айта кеткен жөн, дәл осы жобаға 55 млн еуро инвестиция нақтыланған. Ал, облыс бойынша соңғы 3-4 жылда баламалы энергия бағытына 500 млн доллар инвестиция тартылады. Бұл жоба осының айғағы.

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар