КҮМБІРЛЕ ҚОҢЫР ДОМБЫРА

15:23, 9 шілде 2019

Теміртауда домбыра күні атап өтілді. Қаланың орталық алаңына жиналған жұрт ұлттық аспап үнінен ләззат алды.

76 жасар Айтжан ата -кезінде зілтемір көтеріп, көпке танылған. Халықаралық спорт шебері ұлттық өнерді де әсте естен шығарған емес. Ат құлағында ойнаған кешегі дала баласы домбыра – өмірлік серігіме айналды – дейді. Ақсақал қос ішекті бала күнінде өзі үйренген. Бүгінде қария нота танымаса да, аспап көмегімен әртүрлі  әуендерді ойнай алады. Ол орталық алаңға қара домбырасын арқалап арнайы келген. 

Айтжан ЫСҚАҚОВ, қала тұрғыны:

-Домбырамен ойнамайтын нәрсе жоқ. Мен өзім ештене бітірмесем де, осы жақында мына қара домбырамен папури орындадым. Бір қазақ, бір украин, бір орыс xалық әуенін орындадым. Дәл бүгін екінші жыл өткізіп отырмыз. Бұл енді енді ғана қала тұрғындары қызығушылық танытып жатыр.
Аға буын өкілдерінен бөлек, ұлттық өнерге өскелен ұрпақ та мол қызығушылық танытуда. Диляра есімді бүлдіршін қос ішекті аспапты 6 жасында меңгерген. Бүгінде жас домбырашының қоржынында онға тарта күй бар.

Диляра ТҰЯҚБЕК, жас домбырашы:

-Бұл әр қазақтың ұлттық аспабы, сондықтан мен оны жақсы көрем. Домбыра күні мен үшін үлкен мереке. Өйткені осы күні біз бәріміз жиналып күй ойнаймыз.

Төл өнерімізді төрге шығару жолында қала әкімі де үлгі көрсетті. Әуелі тұрғындарды мейраммен құттықтаған шаһар басшысыартынша домбырашылардың қатарын толықтырып,күмбірлете күй тартты.

Ғалым ӘШІМОВ, Теміртау қаласының әкімі:

-Домбыраның әр әу дейтін қазаққа оры ерекше. Сондықтан бүгінгі күн ерекше аталып жатыр. Былтырдан бері біз осы алаңда жиналып, күй ойнаймыз. Сізжермен бірге мерекені атап өтеміз. Сондықтан баршаңызды осы мерекемен құттыштағым келеді.
Бүгінде Теміртау қаласында өнерді мұрат тұтқан жүзге жуық домбырашы бар. Алдағы уақытта олар ұлттық – фальклорлық ансамль құруды  жоспарлап отыр.

Зура ЕДГИНА, Теміртау қалалық мәдениет сарайының көркемдік жетекшісі:

-Жылдан жылға балалар домбыраға көп тартылып жатыр. Мына Жұбанов атындағы өнер мектебінде 5,6 сынып бср, екінші музыка мектебінде сыныптар бар. Мына жасөспірім орталықтарында да осы домбырашылардың Мирас деген ансамблі бар, мәдениет сарайында қарлығаш деген ансамбль бар.

Кең даланың сары домбырасы әуезді үнімен Арқаны әуелетті. Тәуелсіздіктің ақ таңында әлем таныған ұлы аспапты насихаттау әр қазаққа парыз. Себебі, тарихын ұмытпаған, дәстүрін ұлықтаған ұрпақтың келешегі кемел болары хақ.

Аягөз ТҰРСЫНБАЙ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар