ҚҰМАР ОЙЫНҒА ЖОЛ ЖОҚ

13:13, 16 мамыр 2019

Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлерінің қырағылығы арқасында аймақ бойынша 19 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған.Бұл жәйт осы саланың ұйымдастыруы мен өткен бірлескен рейд барысында мәлім болды.Кезекті рейдке бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысып, біраз жайтқа көз жеткізді.Онда ойын автоматтары орналасқан нысандар нысанаға алынды

Құзыретті орган құрылғанына аз  уақыт болса да, біршама істер тындырған.2017және 2018 жылдары құмар ойынға құмартқан 19 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған. 17 ісі сотқа жолданған.Заңсыз айналымдағы 103 автоматты қондырғы тәлкіленіп көзі жойылған.

Осы жолғы рейд барысында тұрғындардан түскен шағым бойынша, бас шахардың  қақ ортасындағы Гоголь көшесінің 52  /3 мекен-жайында орналасқан «Сәтті Жұлдыз» акционерлік қоғамының Loto KLub үйіне ат басын бұрдық.Бұл орталықта ұтыс лотерея билеттері ойнатылады екен.

Дәурен ҚҰСАЙЫНОВ, «Сәтті Жұлдыз» АҚ- ның менеджері:

-Біз «Тв бингодағы» лотерея билеттері сияқты оны үйлестірумен айналысамыз.Бұл жерде ойын автоматтары жоқ.Құмар ойын ойнау заңмен қудаланады.Сондықтан бізде барлығы заңды түрде лотерея билеттерін ойнатуға бағытталған.

«Алтын арба» базарында да өрескел заң бұзушылықтар анықталды. Мұнда  беймәлім меншік иесінің   контейнерді жалға алып  3 ойын автоматын заңсыз орнатқаны белгілі болды

 Владимир РОМАНЬКОВ, жалға беруші маман:

-Бұл заңды ма, яки заңсыз ба ол жағын құқық қорғау органдары шешеді.Егер олар тарапынан бұл контейнерді жабу жөнінде нақты ұсыныс түссе, біз жұмысты тоқтатып, шартты бұзамыз.Өйткені,құмар ойынға жол жоқ.

Үстіміздегі жылдың қаңтар айында Қарағанды және Теміртау, Абай қалаларында заңсыз құмар ойынмен  айналысқан топтың жолы кесілген.Онда қылмысқа қатысы бар тұлғаларға,Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің  307 бабының 1-ші және 2 -ші тармақтары бойынша іс қозғалып, заңсыз айналымдағы 125 терминал тәркіленген.Ал, сәуір айында Қарағанды және Шахтинск қалаларында шұғыл іздестіру және әрекет ету жұмыстарының нәтижесінде, қылмыстық топтың 3 ойын нысаны анықталып,14 ойын автоматы алынған.Қазір сот алды тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Сәбит РЫСҚҰЛОВ, экономикалық тергеу департаментінің аса маңызды істер жөніндегі уәкілі:

-Бұл заңға қайшы келеді.Сондықтан біз өз тарапымыздан оны жауып,керек болса, 307- бап бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартамыз.Ондағы бірінші бап бойынша 2000мың есептік көрсеткіш сомасында айыппұл салу,неболмаса екі жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.Осы баптың 2- тармағында 5 мың есептік көрсеткіш айыппұл немесе  5 жыл мерзімге  бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Рейд қортындысы бойынша «Арба- Маркет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі  әкімшілігіне  ескерту жасалып, арнайы хаттама толтырылды .

Сейітқали ӘШІ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар