ҚҰҚЫҚ ТӘРТІБІ

17:26, 18 сәуір 2019

Қарағандылық полицейлер өңірдегі криминогендік жағдайға алаңдаулы. Себебі, облыста отбасылық-тұрмыстық сипаттағы қылмыстар саны екі есеге артты. Интернет-алаяқтық көрсеткіші де өсуде, олардың 90 пайызы әлі күнге дейін ашылмаған

Бүгін облыстық полиция департаментінің өкілдері өз жұмыстарын қорытындылады. Статистика мәліметтеріне сүйенсек, қасақана кісі өлтіру  және қарақшылықпен байланысты қылмыс саны 29 пайызға азайған.  Полиция қызметкерлері мұны өткен жылы тұрғын үйлердің кіреберістерінде 800-ге жуық бейнебақылау орнатылуымен байланыстырады.

Құрманғали ИСМАҒҰЛОВ, облыстық ПД басшысының орынбасары:

-Қарағандыда жедел басқару орталығына  5000-ға жуық камерадан дабыл келіп түсті. Бейнебақылау 198 аулада, 122 көше қиылысында, 79 мектеп пен 52 бала бақшада орнатылды.

Тәртіп сақшылары  интернетпен байланысты қылмыстардың өсуіне алаңдап отырғандарын жасырмады.   Мәселен, өткен жылы тіркелген 386 интернет-алаяқтықтың 354-і әлі күнге дейін ашылмаған.  Өкініштісі, отбасылық зорлық-зомбылыққа байланысты қылмыстық істердің саны іс жүзінде екі есеге артты. Олардың бірі кеше Қарағандыда орын алды. 34 жастағы ер адам кепілдікке алған 2 жасар қызын 4 сағаттан артық ұстаған.

Жанатай СЕМБЕКОВ, облыстық ПД баспасөз хатшысы:

-Қазір тергеу жүріп жатыр, осы іс бойынша ешқандай ақпарат бере алмаймыз.

Синтетикалық есірткінің таралуына қарсы күрес бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде. Тек өткен жылы ғана өңірде осы зиянды заттың таралуымен айналысатын  137 сайт жабылған.  Жолдардағы жағдай да мәз емес. Апаттардың азаюына қарамастан, жол-көлік оқиғалары салдарынан қаза болғандардың саны өсуде.  

Райхан САЙРАНБЕК

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар