ҚҰБЫР ҰРЛАҒАНДАР ҚҰРЫҚТАЛДЫ

15:47, 28 қараша 2019

Саран қаласында 3 мың жеке-меншік тұрғын-үй орталықтандырылған су жүйесінен ажыратылды. Бұл төтенше оқиғаның себебі, бірнеше метр құбырдың қолды болуымен байланысты. Ал, полиция қызметкерлері оларды іздеуге кіріскен

Бұл бейне-түсірілімді «Саранкоммуннсервис» компаниясының директоры Ольга Шотт өзінің ұялы телефонына кездейсоқ түсіріп алған. Байқасаңыздар белгісіз адамдар су құбырларын қазуға кіріскен.Осының салдарынан сол  маңдағы тұрғындар сусыз  қалған.

Ольга ШОТТ, «Саранкоммунсервис» ЖШС-ның директоры:

-Жер астынан ұзындығы 6 метр болатын 30 құбыр қазылып, алынған.Тереңдігі 3 метр болатын ұра қазылған. Енді бұл аумақты қалыпқа келтіру, мүмкін емес.Оған бірнеше миллион теңге қаржы қажет.Біздің компанияда мұндай қаражат жоқ.Осының салдарынан кейбір тұрғындардың тіршілік нәрін қолдануы, қиынға соғуда.

Қазір, кейбір тұрғындар жаңа құбыр арқылы су алуға қол жеткізді. Бірақ ол, уақытша жасалған мүмкіндік.Бұл жүйе толық қолданысқа берілмеген. Әзірге, хлорландыру жұмыстары жүргізілген.    

Қазір, коммуналды кәсіпорынның қызметкерлері бұл аумақты,тәулік бойы күзетуге кіріскен. Өйткені, құбырды қайта қазуы мүмкін деген күдік бар. Осы мәселеге байланысты, тергеу жұмыстары жүруде.  

Виталий ДЕДОВ, қалалық полиция бөлімі бастығының  орынбасары: 

- Біздің пайымдауымызша,бұл жерде арнайы топтың жұмыс ісегенін байқауға болады.Олар ауыр техниканы айдап, әкелген.Экскаватор жалдаған.Құбырды қазған.Тексеріс барысында байқағанымыз,құбырларды жарамсыз еткен.Су тоқтатылған.Осы қылмысқа барғандар, жер астында қанша құбыр жатқанын білген.Біздің ойымызша,коммуналдық кәсіпорында ақпарт берген біреу, болуы мүмкін деген, болжам бар.

Бұл іске қатысты, қазір 3 адам күдікке ілінді. Оның екеуі Саран қаласының тұрғындары. Құқық қорғаушылар мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ, көліктерді анықтады. Олар ұсталды.Полиция қызметкерлерінің айтуынша әрі қарай бәрін уақыт көрсетеді, дегенді,-айтады сарандық сақшылар.

Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар