КУБОК САРАПҚА САЛЫНДЫ

16:26, 13 маусым 2018

Қарағандыда спорттық құзға өрмелеуден федерация Кубогы сарапқа салынды. Жеңіс тұғырынан көріну үшін барлығы 42 спортшы бақ сынасты. Байрақты дода елорадамыз Астана қаласының 20 жылдығына арналған

Қарағандыда  құзға өрмелеуден федерация Кубогы  сарапқа салынды. Іріктеу кезеңіне 80 спортшы қатысып, оның  42-і ғана финалға шыққан.

Федерация Кубогы биылғы жылы жаңа скалодромда өтуде.  Спорттық қондырғы  барлық стандарттарға сай жабдықталған. Мұнда бір уақытта 12 адамға дейін жаттыға алады екен. Сонымен қоса құзға өрмелеудің ең қиын түрі -  боулдерингпен айналысу мүмкіндігі де туып отыр.

 Сәуле ИСҚАҚОВА, аға жаттықтырушы:

 -Бұл спорт түрінің денсаулыққа пайдасы өте орасан. Бұлшық еттерінің бәрі қозғалып қана қоймай, жігерлі әрі мықты боласыз. Шахматтағы сияқты ой-өрісіңіз де жақсарады.

Әлімжан Мырзабеков құзға өрмелеудің хас  шебері. Ол Индонезияда бірер күннен соң өтетін Азия Кубогына қатысады.  Бүгін спортшының асығы алшысынан түсіп,  федерация спортшылары арасында үздік атанды.  

 Әлімжан МЫРЗАБЕКОВ, Федерация Кубогының жеңімпазы:

 - Азия Кубогында  ел намысын абыроймен қорғап нәтижемен ораламын деген ойдамын.  Енді жаңа скалодромда  тыңғылықты дайындалып жылдамдық дистанциясына ғана емес, көпсайыс түріне де қатысуға тырысамын.

2015 жылдан бастап спорттық құзға өрмелеу Олимпиада бағдарламасына енгізілген.  Бүкіл әлем көз тігетін ойындарға Қазақстан да қатысады. Ұлттық құрама сапында өнер көрсетуге  үш қарағандылық дайын.

Райхан САЙРАНБЕК

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

«ҚҰРМЕТТІ ЗАҢГЕР» МАРАПАТЫ ТАБЫСТАЛДЫ
16:20, 20 маусым 2018
«ҚҰРМЕТТІ ЗАҢГЕР» МАРАПАТЫ ТАБЫСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
17:42, 13 маусым 2018
МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...