Қуатты әскер - тұрақтылық пен қауіпсіздік кепілі

16:56, 13 шілде 2017

ҚР Ұлттық ұлан гвардиясы «Орталық» өңірлік қолбасшылығының әскерилері дайындықтарын пысықтады.Бұл жолы офицерлер Чкалов су қоймасының аумағында ерекше техникаларды тізгіндеп, шеберлігін шыңдады. Биылда патриот ерлеріміз ептіліктері мен күштілектерін көрсетіп, қазақ әскерінің әлділігін тағы бір мәрте дәлелдеді

Құрлықта жол талғамайтын,суда балықша жүзитін техниканы  әуелі «Орталық» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы өзі жүргізіп, әлеуетін тексерді. Сегіз қырлы бір сырлы генарал –майордың мықтылығына  қатардағы қызметкерлер тәнті болды..Әскери машинаны басқарудың әдіс-тәсілдері мен ережелерін   сайыпқырандарға  Еркін Ботақанов былайша түсіндірді.

Еркін БОТАҚАНОВ  Орталық өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы

ҚР қарулы күштерінің бас қолбаасшысы салаға баса мән береді.Елбасымыз үнемі  қолдау көрсетіп,  бағаналы бағыт сілтейді.Қазір ұландарымыздың тактикасы толысқан. Отан алдығы міндетін абыройлы қызметі санайды.Оларға қашанда  сәттілік серік болғай.

«Орталық» өңірлік қолбасшылығы екінші мәрте ұйымдастырған жиында Қостанай ,Қарағанды облыстары мен Астана және Теміртау қалаларының   офицерлері білек сыбанып, белсенділік танытты.Әрбір азамат үшін біліктілікті арттырып, жаттығу жасау  маңызды.Он әскери бөлімнің   200  астам сайыпқыраны сайын далада сап түзеп, емін-еркін есілді.Дайындықта ұландар  «БТР 80» техникасын тақымдауды  және   теориялық тұрғыда  үйренгендерін, тәжірбие жүзінде іске асырды. Ал  әскери қызметкерлер  машинаны  су ортасында тізгіндеп төтенше жайттан сақтанудың қыр-сырына  қанықты.  

Аян ЕСЖАНОВ №6636 әскери бөлімінің командирі /Астана/

Ұлттық ұланның ұжымына алғыс білдіремін. Рухымызды асқақтатын  шаралардың әскерилерге тигізетін  пайдасы зор. Сондықтан осындай жаттығулар жиі жалауын желбіретсе шынығып қаламыз.

Машинаның ішіне он адам сыйады. Зілтабан  техника  өзен-көлде сағатына 9 шақырым қашықтықты бағындыруге қауқарлы. Армияның пәрменін әспеттеп, паш ететін оқу-жаттығуға  жиырмаға жуық  замануи  көлік жұмылдырылды. «Бүркіт» арнайы жасағыда  жиынның бел ортасынан табылды. Бүгін алған ілім-білім бойынша отан қорғаушылар емтихан тапсырады.«Әскерде қылмысқа орын жоқ» бағдарламасыда жүйелі жүргізіліп, нәтижесін беруде.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ 

Тақырып бойынша материалдар

Қарағандыдағы «Жастар» спорттық кешенінде «KEGOС» акционерлік қоғамы қызметкерлерінің арасында спартакиада өз жалауын көтерді
17:07, 24 қараша 2017
Қарағандыдағы «Жастар» спорттық кешенінде «KEGOС» акционерлі...
Толығырақ...
«Қарағанды Жарық» ЖШС  электр желілерінің ұзындығы соңғы 5 жылда 300 шақырымға артты
17:06, 24 қараша 2017
«Қарағанды Жарық» ЖШС электр желілерінің ұзындығы соңғы 5 ж...
Толығырақ...
Приозерскі қаласында ҚР төтенше жағдайлар комитетінің жедел-құтқару жасағы кинологиялық сынақ жұмыстарын бастап кетті
12:51, 24 қараша 2017
Приозерскі қаласында ҚР төтенше жағдайлар комитетінің жедел-...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Жаңаарқа ауданының ауылдарында киіктерді заңсыз аулау фактілері әлі күнге азаймай тұр
18:28, 20 қараша 2017
Жаңаарқа ауданының ауылдарында киіктерді заңсыз аулау фактіл...
Толығырақ...
Облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған«Әлеуметтік бонд» пилоттық жобасы Жаңаарқа ауданында сәтті жүзеге асырылуда
18:41, 21 қараша 2017
Облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған«Әлеуметтік бонд» п...
Толығырақ...
Қарағанды қаласы әскери бөлімдерінің бірінде мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ойын бөлмесі ашылды
13:06, 22 қараша 2017
Қарағанды қаласы әскери бөлімдерінің бірінде мектеп жасына д...
Толығырақ...