ҚУАТТЫ ЭКОНОМИКАҒА ҚАДАМ

16:43, 14 тамыз 2019

Қарағанды құю-машина жасау зауытында" Жаңғырту 3.0." ұлтық бағдарлама аясында жаңа жобалар іске қосылуда. Басты мақсат тау-кен металлургия өнеркәсібі үшін қосалқы бөлшектер мен жабдықтарды әзірлеу және жасаудың толық циклін ұйымдастыру

Ел Президенті Қасымжомарт Тоқаев өзінің сайлауалды бағдарламасын жүзеге асырудағы   жоспарын атап өтті. Ерекше епкін экономиканы дамытуға қойылған. Жыл соңына дейін 2020-2025 жылдарға бағыталған   индустриалды-инновациялық мемлекеттік бағдарламасы қабылданатын болады. Тың бастаманың  аясында өнеркәсіп өндірісінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жоспарлануда.

Мемлекеттік бағдарлама аясында Қарағанды құю-машина жасау завотының екінші тынысы ашылмақ.   «Жаңғыру 3.0»  жобасына сәйкес қосалқы бөлшектерді өңдеуге мүмкіндік беретін  35 механикалық сандық бағдарламалық басқару жабдығы сатып алынды. Сонымен қатар, кәсіпорын  қызметкерлерді үнемі оқу курстарынан өтіп, біліктіліктерін арттыруда.

Владимир ВОЛЫНСКИЙ, «Maker» - ҚҚМЗ ЖШС – өкілі:

-Жаңа жабдықты завотқа жеткізбес бұрын  – қызметкерлерді оқыту маңызды. Бұл интерактивті конструкторлық бөлім және станок операторы. Оқыту үшін осы салада  біліктіліктері жоғары ресейлік компанияны тартты. 52 инженерлік – техникалық қызметкер және 70 астам қондырғы операторы оқытылды.

Зауытты кезең-кезеңмен жаңғырту шаралары  2014 жылы басталды. Барлық қондырғыларды ауыстырып, зертхана мен компьютерлерді толық жаңалады.  Кәсіпорын жұмысы заманауи құрал жабдықтарымен  құнды.

Владимир ВОЛЫНСКИЙ, «Maker» - ҚҚМЗ ЖШС – өкілі:

-Біздің технологиялық мүмкіндіктеріміз бойынша әлемдік брендтердің батыс және еуропалық үлгілері деңгейіндегі қондырғылар бар. Бұл өндіріс өнімділігін 2-ден 6 есеге дейін арттыруға жол ашады.

Қарағанды құю-машина жасау зауытында 700 ден астам адам еңбек етеді. Орташа жалақылары 200 мың теңгені құрайды.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар