ҚР Парламенті Сенаторының депутаты Сергей Ершов бастаған топ Қарағанды облысында болып, елбасының кезекті Жолдауын насихаттап, ақпараттық түсіндіру шараларын жүргізуде

14:42, 12 қаңтар 2018

Мемлекет басшысының барлық салада цифрландыруды толық енгізу керектігін алға тартқан халық қалаулылары мәдени бірлестіктердің жұмыс барысымен танысты

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сергей Ершов Қарағанды облысының қоғамдық келісім және ұлттық-мәдени бірлестіктерінің өкілдерімен дидарласты. Жүздесу барысында халық қалаулысы кәсіпорындардың жұмысын ерекше атап өтті. Сенатор  Елбасының  ағымдағы Жолдауының кейбір бағыттары  Қарағандыда іске асырылып жатқанын айтып, жоғары бағалады. Оған робототехниканың дамыуы және кәсіпорындардағы технологияларды цифрлау дәлел. Сонымен қатар оқушылардың  білім деңгейі көңіл көншітетінін алға тартты.

Сергей  ЕРШОВ ҚР Парламенті Сенатының депутаты

Депутаттыққа келмес бұрын, мен Қазақмыста 20 жыл еңбек еттім. Және бұл саламен қатысты нәрселердің бәрі маған ыстық. Сондықтан, атқарылып жатқан жұмыстардың әрқайсысын жіті байқап отырамыз. Мен әрдайым өңірлерген іс-сапармен барамын. Осы жақында Қарағанды құю-машина зауытынд болғанымызды білесіздер. Айта кету керек, зауыт жаңартылған, дамыған, заман талабына сай жұмыс атқаруда.

Сенатор Сергей Ершов еліміздің қарыштап  дамуы -бұл Елбасының көреген саясатының нәтижесі. Оның арасында аса басымдылық ұлтаралық келісімде екені белгілі.  Ал, бұл Қазақстан халқы Ассамблеясының басты міндеттерінің бір деп атап өтті.  

Виталий  ХМЕЛЕВСКИЙ   облыстық  ҚХА  төрағасының  орынбасары

Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері әрдайым Елбасының Жолдауын назарға алады. Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдауында адами каптиалды ерекше атап өтті. Адамдарды цифрлық технологияларға үйрету, барлық салада цифрландыру өте қажет. Дамыған 30 елдің қатарына ену үшін бұл аса қажет.

Елбасының биылғы Жолдауындағы басымдық берілген міндеттердің бірі – адами капитал. Сондықтан сенатор Сергей Ершов ұлттық-мәдени бірлестіктердің өкілдеріне жұмыстарын одан әрі жетілдіру мақсатында осы бағытты ұстану қажеттігін атап өтті.

Айдана ДАСТАН

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
17:42, 13 маусым 2018
МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...