ҚР Парламенті Мәжілісінің Қарағанды облысынан сайланған депутаттары кәсіподақ ұйымының өкілдерімен кездесті

14:44, 12 қаңтар 2018

Олар Елбасының биылғы халыққа арнаған Жолдауындағы негізгі бағыттарды талқылады. Сонымен қатар әлеуметтік еңбек қатынасына байланысты өзекті сауалдар жөнінде кеңесті

Мәжіліс депутаттары кеншілер мен мұғалімдердің және медицина саласы қызметкерлерінің, еңбек жалақсысы төмен екендігін тілге тиек етті. Өзекті мәселені  кеңесте жан-жақты қарастырды.   Кәсіподақ ұйымының төрайымы дәрігерлік жұмысын енді бастаған жас мамандар бар болғаны 57 мың - ақ теңге жалақы алатынын ашып айтты. Александра Мадиярова: -Медицина қызметкерлерінің айлығын көбейтіп, ақ халаттылардың еңбегін дұрыс бағалауымыз керек!- деп басып айтты.

Александра МАДИЯРОВА  денсаулық саласы қызметкерлері кәсіподағының төрайымы

Елбасы жыл сайын осындай міндеттер қояды. Әрине біз бұл бағытта жұмыс жасайтын боламыз. Егер жас мамандардың жалақысы жақсы болса бәрі қуанары белгілі.

Өндірістік саладағы күрмеулі мәселелерді шешу жолында  депутаттар мен кәсіподақ өкілдері бірлесе еңбек етеміз -деп атап өтті. Жұмыс берушілер де өзара әріптестік орнатулары керек. Әр жұмысшы оның сөзін сөйлеп , қорғай алатын кәсіподақтан сапалы да. сауатты оң нәтиже күтеді. 

СНХ: Гүлнәр БИЖАНОВА ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты

Еңбек шарты жөніндегі дау дамай шығуына бюірнеше себеп бар. Мұнда кәсіподақ ұйымдарының рөлі ерекше. Олар жұмыс берушімен келісімге келе алатындай әріптестік  орнатулары керек. Тығырықтан шығатын жол табулары тиіс.  Яғни  жұмыс берушілер кәсіподақ жылдар бойы алпауыт күш иесі  болғандықтарын  білгендері абзал.

Кездесу барысында кәсіподақ пен кәсіпкерлік палатасы және еңбек жөніндегі ішкі саясат басқармасы үш жақты мемарандумға қол қойды.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА  

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
17:42, 13 маусым 2018
МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...