ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары Қарағанды қалалық қоғам өкілдері және депутаттарымен кездесті

17:41, 11 қаңтар 2017

Олар облыс орталығындағы көкейкесті мәселелерді тыңдап назарға алды. Сонымен қатар «Мемлекеттік сатып алу» заңына енгізілген өзгерістерді талқылады

ҚР Парламент Мәжілісінің  депутаттары еліміздің өңірлерін аралап, халықпен кездесуде. Олар қабылданған жаңа заң ережелерін  түсіндіріп, өңірлердегі көкейкесті мәселелерді тыңдауда. Халық қалаулылары Қарағанды қаласының қоғам өкілдерімен кездесіп, «Мемлекеттік сатып алуда» енгізілген өзгерістерді талқылады.

Мемлекет бармақ бастылық, көз қыстылыққа жол бермеуді көздейді. Сондықтан былтырғы жылы мемлекеттік сатып алу бойынша заңға өзгерістер енгізілген болатын. Алайда Қарағанды қалалық мәслихат депутаттары мен қоғам өкілдері және атқарушы органдар бұл ретте бір қатар  сұрақтар  барын жасырмайды.  Өз кезегінде мәжілісмендер бұл сауалдарға жауап қайтарып, түсіндіріп берді.

Кездесу барысында ҚР Парламент мәжілісінің депутаттарына Қарағанды қоғам өкілдері тұрғындарды толғандыратын сұрақтарды қойды. Әсіресе азық-түлік бағасын тұрақты ұстау мәселесін назарға алды. Халық қалалулыларының жұмыстары  Қарағанды облысында 13 қаңтарға дейін жалғасатын болады. 

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

Кеншілер шаһарында Ғалым Жарылғаповты еске алуға  арналған бокстан 34-ші халықаралық турнир өз жалауын тікпек
16:53, 14 желтоқсан 2017
Кеншілер шаһарында Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған б...
Толығырақ...
Ағымдағы жылы аймақ бойынша бес қабатты, 25 тұрғын-үйдің құрылысы аяқталады
16:50, 14 желтоқсан 2017
Ағымдағы жылы аймақ бойынша бес қабатты, 25 тұрғын-үйдің құр...
Толығырақ...
Көліктің салығын уақытында төлеңіз!
16:49, 14 желтоқсан 2017
Көліктің салығын уақытында төлеңіз!
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

2017 жылы облыс бойынша үш тілде білім беретін мектептердің саны 55-ке жетті
17:06, 8 желтоқсан 2017
2017 жылы облыс бойынша үш тілде білім беретін мектептердің...
Толығырақ...
Қарағандыдағы теміржол вокзалына алдағы көктемде күрделі жөндеу жүргізіледі
17:42, 8 желтоқсан 2017
Қарағандыдағы теміржол вокзалына алдағы көктемде күрделі жөн...
Толығырақ...