ҚОЖАЙЫН ШАҒЫМ ТҮСІРЕДІ

17:23, 6 қараша 2019

Сенбернар тұқымды иттің қожайыны ветеринарлариялық бақылау испекциясының өкілдеріне қатысты сот шешіміне наразы.Ол үй хайуанаттарының өліміне себепкер болған тараптан 500 мың теңге моральдық өтемақы талап етуде

Ирина Баландина -сенімді досы санайтын иттерінен қапыда көз жазып қалғанын айтады.Ал Лара мен Гера атты үй хайуантарына жаз мезгілін де қастандық жасалынған.Олардың біреуі екі жасар,ал екіншісі сегіз айлық екен.

Ирина БАЛАНДИНА, Қарағанды қаласының тұрғыны:

-Біз иттерді үйретіп, ауқымды көрмеге дайындаған едік.Олардың құжаттары бар. Әсіресе күшіктердің  Шымкенттен әкелуін екі жыл тағатсындана күттік.Арғы тұқымы аты шыққан чемпиондар.

Қожайынды даурықтырған даулы оқиға былайша өрібеген.Айталық   екі сенбернар тұқымды ит байлаулы жерінен босап, бөтен аулаға қашып кеткен.Ал өзге үйдің иесі төртаяқтылардан қорыққаннан кейін,дереу ветеринариялық қызмет пен полиция шақырған.

Ирина БАЛАНДИНА, Қарағанды қаласының тұрғыны:

-Еріктілердің барлығы-дерлік соншалықты  көмектеспеді.Тек видеоға түсірумен шектелді. Сол  бейнеқатарлар  сотқа қажетті құжаттар қатарына тіркелді. Иттерім мүлде агрессивті емес.Менің жеке пікірмше өзге үйді жатырқап, қайда тынығатынын білмей абдырап қалған.

Дегенмен жеті қазынаның қожайыны  ветеринария бөлімінің әрекеттерін  заңсыз деп  тану үшін сотқа жүгінген көрінеді.Алайда жауаптылар иттерді ұйықтатын дәрімен атқанын айтып ақталған.Бірақ артынша  төртаяқтылар  жан тәсілім еткен. 

Алексей КОЧКАРОВ, адвокат:

-Иттер мөлшері көп, яғни 0,2 грамм дротиктің кесірінен көз жұмды.Сенбернарларды жеткізген  Ветавет" клиникасы комиссиясының қорытындысы бар. Тіпті арнайы жансақтау  бөлімі де  әрекет жасай алмады.

Бірақ сот ветеринариялық қызметті қарағандықтан Иринаның 500 мың теңге моральдық өтемақы төлеу туралы талап арызын қанағаттандырудан бас тартты.Наразы келіншек мұндай шешімге келіспегендіктен, енді аппеляциялық шағым түсірмек.

Ирина БАЛАНДИНА, Қарағанды қаласының тұрғыны:

-Мен бұл істі жай қалдырмаймын.Иттер  біздің отбасының бір мүшесі іспеттес.  Сондықтан үй хайуанаттарын өлтіру  қылмыспен пара –пара деп ойлаймын.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар