КӨЗ АУРУЫ НЕГЕ КӨБЕЙДІ?

13:38, 14 тамыз 2019

Көз аурулары жыл өткен сайын көбейіп әрі жасарып барады.Бұның бірнеше себебі бар.Мезгілімен анықтап қаралуға әлеуметтік кедергілер қолбайлау.Қарағанды облысының 60 пайыз ауылдық жерлерінде офтольмолог дәрігерлер жетіспейді. Бүгінде қарапайым халықтың қажетін бүгінде аймақта жалғыз Мақажанов атындағы көп салалы травмотология және ортопедия орталығының офтольмологтары ашып отыр

Шалғайдағы Ақтоғай ауданының Нарманбет ауылының тұрғыны  Жанат Нығыметов облыстағы дәрігерлердің алдына ауруы асқынған соң келген.Бағына қарай ем-дом қонып, ем алып, үйіне жиналып жатыр.

Жанат НЫҒЫМЕТОВ, Нарманбет ауылынан келген емделуші:

-Мен  8 ай кешігіп келдім осы араға. Қазір ем алдым, жағдайым жақсарып келеді.

Ақсақалдың  айтқан сөзінің жаны бар. Ауылдық жерлерде офтальмологмаман қат.Жоғары білімді дәрігердің барғысы  жоқ. Сарсаңға түскен ауыл тұрғындары үшін тығырықтан шығар жол біреу ғана.Облыс орталығындағы клиникаларға барып емделу.Бұған екінің бірінің қауқары келе бермейтіні анық. Жағдайы көтермейтіндері қайраңға шыққан балықтың күйін кешуде.Осы тығырықтан шығудың жолын іздеген аймақтағы жалғыз мемлекеттік емхана Мақажанов атындағы облыстық көп салалы травматология және ортопедия орталығы жоғарыдағы түйткілді мәселелерді шешуді қолға алып, оң бастамаларды іске асыруда.

Әйгерім МАХАНБЕТЖАНОВА, Мақажанов атындағы ортопедия және травматология орталығының офтольмолог дәрігері:

-Ауылдық жерлердің 60 пайызында көз дәрігері жоқ.Біз Қарағанды Мемлекеттік медицина университетімен бірігіп,ауылдағы дәрігерлерді  және жас көз  дәрігерлерлерді оқытып, тәжребие жүзінде үйретеміз.Біздің орталықтың дәрігерлері жылжымалы поездбен ауылдарға барып, ондағы адамдарды тексеріп тұрады.

Қазір көз ауруының түрі мен оған шалдығушылардың саны  күрт көбейген.Оның себебі де жоқ емес.

Әйгерім МАХАНБЕТЖАНОВА, Мақажанов атындағы ортопедия және травматология орталығының офтольмолог дәрігері:

-Қазір республика бойынша біздің облыс глаукома ауруы бойынша 5 орында тұр. Оған қант диабетіне шалдыққандар, қан қысымы жоғарлаған науқастар шалдығады.

Офтольмология бөлімшесі  мемлекет қаржысының арқасында , офтольмологиялық  ауруларды емдеуге арналған барлық заманауи құрылғылармен және құралдарымен толық қамтамасыз етілген.Ерекше екпін қойып айтарлығы, мұндағы көз дәрігерлері  барлық санаттағы және аймақтың кез келген өңірінен келген науқастарға  тәуліктің кез келген уақытында және жедел  тегін әрі сапалы қызмет көрсетіледі. Бұл  әлеуметтік жағыдайы төмен жандар мен ауыл тұрғындары үшін тиімді .

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар