КӨШЕ УАҚЫТША ЖАБЫЛАДЫ

16:36, 26 маусым 2020

Қарағанды қаласы тұрғындарының назарына! Алдағы демалыс күндері кеншілер шахарының Гоголь көшесі уақытша жабылады

Себебі, «Қарағанды жарық» компаниясы аталған көшеде тартылған 110 киловаттық электр желісін ауыстырады. Жоспарланған алмастыру шаралары 27 және 28 мусым күндері таңғы сағат 4 пен 7-нің аралығында өтеді. Дәл осы уақыт ішінде Гоголь көшесі көлік жүргізушілері үшін жабық болады. Компания өкілдері бұл жағдайға тұрғындардың түсіністікпен қарауын өтінеді.

Ерік НАРЫН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар