КӨШЕ ГИМНАСТИКАСЫ

13:30, 3 қыркүйек 2019

Қарағандыда «Стрит воркаут» аталатын көше гимнастикасынан облыс турнирі өтті. Қоссырық пен турникте жасалатын кешенді жаттығуларды орындауға жастардың ынтасы өте зор

«Стрит воркаут» немесе көше гимнастикасы аталатын спорттың бұл түрі соңғы жылдары елімізде ерекше екпінмен дамып келеді. Ең бастысы ынта мен жігерің мықты болса болғаны.Турникке тартылып қоссырықта өнеріңді көрсете бер.Ең қол жетімді спорт түрі.  Балқаштан келген Ростислав Лазерев өзіне берілген 15 минутта ең негізгі жаттығуларды орындап шықты.

Ростислав ЛАЗАРЕВ, турнирге қатысушы:

-Бұл жерде спорт залға төлемейсің. Жаттығуды кез келген уақытта кез келген жерде жасай беруге болады. Өзге спорт түрлерімен салыстырар болсақ воркаут спорты өте әдемі әрі әсерлі дер едім.

Бір қарағанда барлығы оңай сияқты. Алайда екінің бірі турникте еркін қимылдап қоссырықта өнер көрсете бермейді. Төзіммен көптеген жаттығуларды қажет етеді. Турнирге 20дан астам спортшылар қатысты. Алдымен олар кешенді жаттығуларды уақытқа орындайды. Содан кейін турникке қосымша 32 келі жүкпен тартылу керек.

Расул КАСЕНХАН, облыстық жастар ресурстық орталығының директоры:

-Біздің жарыстар екі тұжырым бойынша өтеді. Алдымен іріктеу кезеңі өтті. Ол жерде жастар өздерінің жаттығуларын видеоға түсіріп жіберді. Соның шініен үздіктерін іріктеп алдық.

Айтым Жақыпов «Стрит Воркаут» спортының еліміздегі бас бапкері. Қарағандыдағы облыстық жарысты тамашалау үшін арнайы елордадан келген. Осы спортың елімізде кеңістігін кеңге жайып келе жатқандығы қуантады дейді білікті маман.

Айтым ЖАҚЫПОВ, Street workout - тан Қазақстан құрамасының

бас бапкері:

-Қазақстанда жылдан жылға стрит воркаут спорты өсіп өркендеп келеді. Осындай жастар өздері ынта білдіріп түрлі жарыстар өткізіп келеміз. Негізгі мақсат әркім өз еркімен көше спортын еркін меңгерулеріне болатындығын іс жүзінде дәлелдеп көрсету.

Бірінші номинация бойынша кешенді жаттығуларды Қарағандылық Владислав Анохин үздік орындап шықты. Екінші орынға Қаражал қаласынан келген Денси Капринин табан тіресе, Руслан Фатахов үштікті қорытындылады. Турникке қосымша 32 келі жүкпен тартылудан Қарағандылық Рамазан Досмұхамбет жеңімпаз атанды.

Ботабек МАРАТҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар