КӨШЕ АТАУЫ ӨЗГЕРТІЛДІ

15:43, 11 қазан 2018

Осакаров ауданында тағы бір көше қазақшаланды. Бұрын Мостовой аталып келген көше енді социалистік еңбек ері Хайролла Байғабылов атымен аталады. Хайролла Байғабылов көп жылдар бойы Батпақ ауылындағы машина-трактор станциясын басқарған. Сонымен қатар оның бастамасымен аудандағы жаңа мектеп құрылысы басталып, ауылдық клуб пен саябақ қайта жөнделген

Хайролла Байғабылов Осакаров ауданында белгілі тұлға. Енді оны тек жергілікті жұртшылық емес, көпшілік білетін болады. Мына көше енді «Байғабылов»  көшесі деп аталады.

Розалинда АБИЕВА, Х.Байғабыловтың қызы:

-Асқар таудай әкем болды. Бала шағасының бәрін өсіріп өндірді, ұл ұяға қыз қияға қонды. Әкемнің 6 ағасы болған, бәрі соғыста қаза болды.

Көше атын беру салтанаты барысында жиналған көпшілік 0ад3рл3 тұлғаның өмір жолын еске алды. Хайролла Байғабыловтың бұл ауданға сіңірген еңбегі орасан зор дейді, көпшілік.

Алма ШАЛАБАЕВА, Осакаров ауданы әкімінің орынбасары:

-Аты аңызға айналған агроном Хайролла Байғабыловтың есімін осы көшеге беруді аудан тұрғындары ұсынған болатын. Осыған сәйкес Мостовая көшесінің аты өзгеріп отыр. Талай жыл ауданның өркендеуіне үлес қосқан адамның атын дәріптеу ұрпаққа үлгі деп білемін. 

1945-ші жылы Байғабылов Ақтастыдағы машина-трактор станциясының директоры болып сайланған. Оның бастамасымен ауданда бірқатар әлеуметтік нысан күрделі жөндеуден өтті.

Еркінбай Теміров Хайролла Байғабыловпен бір салада ұзақ жылдар бойы қызмет істеген. Өз кезегінде өте мықты маман болғанын айтады.  Ұлық болсаң, кішік бол деген қағиданы ұстанды дейді.

Еркінбай ТЕМІРОВ, әріптесі:

-Қацрекеңмен сол бір салада еңбек еттік. Бірақ оны біз қатты сыйладық. Нық сөйлейтін, білімді, білікті азамат болды.

1965-ші жылы Хайролла Байғабылов Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты болып сайланды. «Ленин» және «Қызыл ту» ордендерімен наградталған.  Онымен қатар ұлы Жеңістің 50 жылдығына орай президент атынан төсбелгі алған. Енді оның есімі өзі еңбек еткен ауданда мәңгілікке қалды деп айтуға негіз бар. 

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар