КӨШЕ АТАУЫ ӨЗГЕРЕДІ

15:40, 14 қаңтар 2020

Қарағанды қаласында 10 көшенің атауын өзгертуге қатысты көпшіліктің тыңдауы өтті. Достық үйіндегі екі зал да адамға лық толы. Мыңнан аса тұрғын жиналған жерде ойлар да сан түрлі болды. Отырыстың қорытындысы қандай?

Халықтың сұранысымен ескірген  он бір көшенің атын ауыстыруды күн тәртібіне енген болатын. Алайда қоғамдық тыңдауда он көшенің атын өзгерту ұсынылды. Мамандардың айтуынша, Черкасская көшесінің атауын өзгертуді техникалық себептерге байланысты кейінге қалдырды.Қаланың қақ ортасындағы Ленин көшесіне Абай есімін беру, Защитная көшесіне Потанин, Кувская көшесін Қазыбек Нұржанов, Приканальная көшесіне Сарыарқа атауларын беру туралы ұсыныс - дүйім жұрттың алдында дауысқа салынды. Алайда, қарсылық білдіргендер де жоқ емес.

Бюджеттің ақшасын сылтаулатып, қарсылық білдіргендерге кәсіпкердің айтқан жауабы жұртшылықтың көңілінен шықты.

Енді Қарағанды көшелерінде жаңа атаулар пайда болады. Жиналғандардың 90 пайызы өз келісімін берді.

Көпшіліктің тыңдауын жүргізген Қарағанды қалалық мәслихаттың хатшысы Құдайберген Бексұлтанов ұсынысы мен өзге ұлт өкілдерінің сөздері халық жүрегінен орын алды.

Басты қадам жасалынған жұмыстың қорытындысы екі – үш айдан кейін шығуы мүмкін. Енді бекіту мәселесі қалды- дейді жауаптылар.

Құдайберген БЕКСҰЛТАНОВ,  Қарағанды қалалық мәслихат хатшысы:

-Біз БАҚ-та жаранама береміз. Сессияның күн тәртібіне осы мәселені енгіземіз. Сессия қарайды, шешім қабылдайды. Сосын облыстық мәслихат қарайды. Одан кейін республикалық анамастикалық коммисияға жібереміз. Кейде 2-3 айға созылады. Бірақ бүгінгі бірінші қадам мемлекеттік органдарға, анамастикаға бүгінгі шешім басты болып есептелінеді. Халықтың пікірімен санасамыз.

Достық үйіне жиналған жұртшылық бірауыздан ұсынысқа өз дауыстарын берді. Ал, Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы қарсаңында Кеншілер қаласына ұлы ақынның аты берілетін болады.

Айман САҒАТАЙ, Ернұр ЖОМАРТ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар