Көршісінің 3 баласын қызыл жалыннан құтқарып қалған Қарағанды қаласының тұрғыны – Тахир Закизьянов марапатталды

17:53, 12 ақпан 2018

Естеріңізге сала кетсек, 7 ақпан күні Майқұдықтың 12 ықшам ауданындағы төртінші қабатта өрт шыққан болатын

Үш баланың өміріне араша түскен 43 жасар Тахир Закизьяновке - бұл күні барлық құрмет қошемет көрсетілді. Ерлігі еленіп, төтенше жағдайлар департаменті басшылығы тарапынан марапатқа ие болды. Өрт шыққанда Тахир Закизьянов балаларды қызыл жалыннан сақтап қалу үшін  далаға кілем төсеп, пәтердегі 3 баланың біреуін төмендегі балконнан әйеліне беріп, егіз ұлды даладағы кілемге лақтырады.  Осылайша, өз өмірлерін тәуекелге тігіп, білдей 3 баланы өрттен аман сақтап қалды. Ол -тілсіз жауды көргенде өзімнен көрі өзгенің өмірін құтқарудан басқа ой болмады,- дейді.

Тахир ЗАКИЗЬЯНОВ  Қарағанды қаласының тұрғыны

Барлығы қас-қағымсәтте болды. Қорқыныш болған жоқ. Себебі, сәбилердің өмірі қымбатырақ болды.

Айгүл БОЛАТОВА  Қарағанды қаласының тұрғыны

Үйдің артынан айғай естілді. Шығып қарасам, пәтер өртеніп жатқаны көрінді. Ар жағынан 3 баланы байқадым. Сөйтіп, үйде не бар соның барлығын лақтырып, қолымыздан келгенше көмектестік.

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері - Закизьяновтар отбасына алғыстарын білдіріп, ерліктерін ерекше атап өтті. Бұл – өзге азматтарға үлгі боларлықтай іс екенін айттып, тұрғындарды әрдайым осылай бір-біріне жәрдемдесуге  шақырды. Бастысы құтқарушылар өрт дерегін болдырмау үшін барлық қауіпсіздікті сақтау керектігін тағы да назарға салды.  

Айдана ДАСТАН

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫС КӨП, МӘСЕЛЕ ДЕ АЗ ЕМЕС
18:40, 13 ақпан 2019
ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫС КӨП, МӘСЕЛЕ ДЕ АЗ ЕМЕС
Толығырақ...