ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАЙЫҚ

16:34, 3 тамыз 2020

Серіктес қала Теміртаудың экологиялық ахуалын жақсарту күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі. Бұл ретте, ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев табиғатты қорғау шараларын жүзеге асыруға қоғамдық бақылауды күшейтуге уәде берді. Металургтер қаласына жұмыс сапарымен келген ведомства басшысы экобелсенділермен кездесті. Министр металлургия және химия өндірістеріндегі экологиялық жобалармен де танысты

Металургтер қаласындағы экологиялық мәселе бүгінгі таңда өзектілігін жоймай отыр. Естеріңізге сала кетейік, Теміртауда 2019 жылы экологиялық жағдайды жақсарту бойынша ауқымды жоспар әзірленді. Ластаушы кәсіпорындар өндірісті жаңғырту және заманауи технологияларға көшу бойынша міндеттемелерді өз мойнына алды. Бұл ретте, "АрселорМиттал Теміртау" АҚ ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен меморандум жасасты. Құжатта атмосфераға зиянды заттардың шығарылуын 2024 жылға дейін 30%-ға қысқарту қарастырылған.

Мағзұм МЫРЗАҒАЛИЕВ, ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі:

- Біздің  компания  тарапына қоятын сұрақ көп.   Сондықтан бірлесіп отырып нақты жол картасы әзірлеу керек. Ол үшін зауыттағы  әр цехтың қаншалықты ластаушы заттардың көлемін анықтауымыз керек.  Мәселеллердің  шешу жолдарын анықтауымыз керек. 

Меморандумда компания шығарындыларды 50 мың тоннаға дейін азайтуға міндеттелді. Сондай-ақ, Қарағанды мен Теміртау арасында 500 мың ағаш отырғызылмақ.  Осылайша қала айналасын  жасыл желекке айналдыру көзделген.  Бұл ұсыныстардың барлығы қос тараптың меморондум аясында жүзеге аспақ. "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Бас директоры Биджу Наирдің айтуынша, коронавирус індеті экологиялық бағдарламаның орындалуына айтарлықтай әсер еткен.

Биджу НАИР,  "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Бас директоры:

- Қазір Қазақстанға шетелдік техникалық сарапшыларды әкелу қиын. Бірақ біз бұл мәселені жұмысты қашықтан бақылау үшін ең заманауи әлемдік технологияларды қолдану арқылы шешеміз. Біз экологиялық жобаларды жүзеге асыруды жалғастыру үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз.

Министр арнайы жұмыс сапары барысында  қала экобелсенділерімен де кездесті. Онда қоғамдық бақылауды күшейту мәселелері басты назарға алынды.  Ведомства басшысы кәсіпорындардың табиғат қорғау іс-шараларын іске асыруы бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізілетінін жеткізді.

Мағзұм МЫРЗАҒАЛИЕВ,  ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі:

- Мен, әкім облысымен бұл мәселе туралы  сөйлестім.  Қарағанды облысында жақында жасыл кеңес құрылады.  Қоғам қадағалау керек, департаменттер, әкімдіктегілер де назарда ұсатуы тиіс.

Жалпы, министрдің айтуынша, өңірдегі жағдайды  министрліктің жіті назарында болады. Сондай-ақ экологиялық ахуалды жақсарту жұмыстары өңір билігі мен негізгі ластаушы кәсіпорындардың, сонымен қатар экобелсенділерді де  тарта отырып жүргізілуі тиіс екендігін тілге тиек етті.

Азамат СЕРІКХАН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар