КОРПОРАЦИЯНЫҢ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨМЕГІ

17:25, 13 тамыз 2020

Бүгін облыс орталығына тағы 1000-ға жуық оттегі концентраттары әкелінді.Енді тыныс алу аппаратары аймақтың қала, аудандарындағы аруханаларға жеткізілетін болады.Қазіргідей қиын-қыстау кезеңде игі бастаманы «Қазақмыс» корпорациясы қолға алған

«Қазақмыс» корпарациясы қазіргі қиын жағдайда шарапатты іс жасаудан қалыс қалмады. Қытай елінен 1000-ға жуық оттегі аппараттарын арнайы тапсырыспен алдыртқан.Корпорация өкілдері бұл  медициналық құрылығыларды облыстың аудан,қалаларында сұраныс тудырған ауруханаларға тарататын болады.

Дәурен АМАНҚҰЛОВ, «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС-нің өкілі:

-«Қазақмыс» корпорациясы облыстық денсаулық басқармасымен меморандум аясында  бүгін науқастарға 755 оттегі аппараттарын таратамыз. Оттегі аппараттарын медицина орталықтарына жібереміз.Тізімдегі барлық ауруханаларға таратылады.

Аталмыш компания өкілдері тыныс алу құрылғылардың алдын бүгін таратыпта үлгерді. Нақтырақ айтқанда  Мақажанов атындағы облыстық медициналық орталыққа 60, №1 ауруханаға 100 және №2 емханаға 50 оттегі аппараты қолданысқа берілді.Сондай-ақ, Абай ауданына 10,Жезқазғанға қаласына 85 құрылғы берілмек ниетте..

Жанар ЖАРОВА, облыстық клиникалық аурухана директорының орынбасары:

-Облыстық книникалық аурухана ұжымы «Қазақмыс» корпорациясына ұлкен алғыс айтамыз.Ел басына қиындық түскенде қолдау көрсетіп отыр.Бүгін біздің ауруханаға 150 оттегі концентратын берді.Біз қуаныштымыз.

Мұндй игілікті істермен «Қазақмыс» корпорациясы бұған дейін де қолдау көрсеткен еді.Осыған дейін де облыстың Жезқазған қаласына 150 бірлік, ал Балхаш қаласына 50 оттегі құрылғысымен қаматамасыз еткен.

Жаннұр СҮНДЕТУЛЛАҚЫЗЫ,  тілші:

-Елдегі қиын кезеңде «Қазақмыс» корпорациясы науқастарға қолдау көрсетіп, оттегі концентраттарына тапсырыс берген.Дәл қазір медициналық құрылғылар облыс орталығына жеткізілді.Бұл тыныс алу аппараттарына 240 млн теңге көлемінде қаржы жүмсалған екен.ЕНді өздеріңіз көріп тұрғандай ,құрылғыларды аймақтағы аудан, қалалардың медициналық орталықтарына жеткізіледі. 

Жаннұр СҮНДЕТУЛЛАҚЫЗЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

                              

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар