КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ШАРАЛАР

17:15, 20 наурыз 2020

Бұған дейін сағат 12.00 де өңірлік коммуникациялық брифингте басқа да басқарма басшылары тікелей эфирге шығып, облыстағы жағдайды хабар еткен болатын. Коронаврусты жұқтырған науқастардың жағдайы мен аталған індеттің алдын алуға бағытталған шараларды ақпараттандырды

Қарағанды қаласында коронавирус дертін жұқтырған екі науқас  Минскіден келген ұшақтағы жолаушылардың  бірі. Олар 1971 және 1972 жылы туған Қазақстан азаматтары.  Айта кету керек, ол ұшақ 18-наурыз күні шаһарымыздағы әуежайға қоныдырылған болатын.  

Ержан НҰРЛЫБАЕВ, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

-Қарағанды әуежайына келген жолаушыларды қарсы алу қатаң режимде болды. Барлық қауіпсіздік шаралары жасалды. Ұшақтан түскен адамдар  арнайы дайындалған автобусқа орналастырылды. Олардың біріде бірі әуежай ішіне, қала ішіне шықпады. Ешкіммен жақын қарым-қатынаста болған жоқ. Содан кейін барлығы бірдей карантин жарияланған арнайы медициналық орталыққа жеткізілді. Бүгінде короновирус жұқтырған 2 адамның жағдайы жақсы. Қатаң қадағалуда. 

Сондай-ақ, короновирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында Қарағанды жолдарында  6 санитарлық бекет ұйымдастырылды. Ол жерде тәулік бойы жол-патрульдік полицейлер мен  Ұлттық ұланның әскери қызметшілері және санитарлы дәрігерлер жұмыс істейді. Жүргізушілер мен жолаушылар тексерістен өту үшін  медицина мамандарының көмегіне  жүгіне алады.

Жанатай СЕМБЕКОВ,  облыстық ПД ІСКБ басшысы:

-Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында азаматтардан  өткізіліп жатқан  іс-шараларға түсіністікпен қарауды, полиция қызметкерлері мен денсаулық сақтау қызметкерлерінің заңды талаптарын сақтауды сұраймыз. Аталған шектеу іс-шаралары меншік нысанына қарамастан халықтың және  заңды тұлғалардың тарапынан орындалуы міндетті болып табылады.

Ал, облысымыздың Бас санитар дәрігері аймақта коронавирус инфекциясының тіркелуіне байланысты қажетті қауіпсіздік шаралары қабылданғанын айтты. 

Қанат АСҚАРОВ,  тауарлар сапасы мен қызмет көрсету  қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы:

-Тұрғындар жеке гигиенаны қатаң сақтап, адам көп шоғырланатын жерлерден бас тартып, қоғамдық орындарға бармауға тырысу қажет. Барлығы бақылауда. Әзірге Қарағанды облысында қосымша төтенше жағдай жариялаудың қажеттілігі жоқ.

Сонымен қатар, қатерлі дерттке байланысты облыстағы  сауда үйлері мен ойын-сауық орталықтары және азық-түлік сатпайтын базарлар мен бутиктер өз қызметтерін 20-наурызға дейін уақытша тоқтатты. Ал, сауда үйлерінде орналасқан дәріханалар мен супермаркеттер қысқартылған жұмыс күніне көшті. Енді, олар таңертеңгі 10-нан, кешкі сағат 20, 00-ге дейін ғана жұмыс істейді.

Татьяна АБЛАЕВА, облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы:

-Сондай-ақ, көлемі 2 мың шаршы метрге дейінгі сауда ғиматтары осы режимде жұмыс істейді. Тіпті,мсауда орнында орналасқан қоғамдық тамақтану орындарынының жұмыс істеу уақыты да  20.00-ге дейін шектелді. Әрі бір орынға бір адам отырғызу ережесін қатаң сақтай отырып, бір уақытта 50 адамнан артық тұтынушы қабылдауға тыйым салынды. Осындай жағдайға  кәсіпкерлердің түсіністік танытып, жағдайға тез икемделгені үшін оларға алғыс білдіреміз.

Анар ҚАНАТҚЫЗЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
16:08, 4 желтоқсан 2020
ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар