КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ПРЕПАРАТ

12:44, 10 шілде 2020

Қарағанды фармацевтикалық зауытында алдағы уақытта «цитокинді дауылға» әсер ететін препарат шығарылады. Бұл коронавирустық инфекцияға қарсы иммундық жүйені көтерген кезде, ағзаға тиетін кері әсерді реттеуге көмектеседі. Ал мамандар COVID-19 індетінен көз жұматындардың 28 процентінде қан құрамында цитокиндердің күрт артқанын айтып отыр

Қарағанды фармацевтикалық зауытында коронавирустың ауыр түрімен  сырқаттанып жатқан науқастарға арналған препарат жасалып жатыр.Ол иммунитеттің  басқарылмайтын  реакцияларының  салдарын жоюға оң септігін тигізеді.Мамандардың мәлімдеуінше иммундық жүйе шамадан тыс күшейгенде, өз клеткаларына шабуылдайды екен.Соның кері әсерінен адамның ішкі ағзасы қатты зақымданатын көрінеді.

Сергей БАРОН, Қарағанды фармацевтикалық кешенінің  бас директоры:

-Бұл препарат Ресейде өз тиімділігін көрсетті.Енді өзімізде өндіруді жоспарлау үстіндеміз.Трансфер, дәріні нарыққа шығару технологиясы  ұзақ уақыт алады.Мұны денсаулық сақтау министрлігі де бірауыздан құптап, қолдау көрсетуде.Сондықтан уақытты көп созбай өндіруді бастауға бел байлап отырмыз. 

Бүгінде фармацевтикалық зауытта 300 мың қорап дәрі нарыққа  шығарылады.Ол онкологиялық ауру, қант диабеті, ұмытшақтық пен артрит  сынды кеселдерді емдейтін дәрілік препараттар.Барлығы 3 реттік бақылаудан өтеді. Кәсіпорында  биологиялық, химиялық және микробиологиялық  зертханлар жұмыс істейді.Бұлар заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Владимир ФОЛЬМЕР, директордың өндіріс жөніндегі орынбасары:

-Біздің дәрі өндірісіміз Қазақстан нарығына негізделген.Дәріні отандық дистрибьютерге СК «Фармацияға» жеткіземіз.Кейін ол науқастарға тегін беріледі. Белсенді молекулаларды  Ресейдегі әріптестер бізге жолдайды. Артынша осында дәрілік зат толық жасалып шығады.

Бұған дейін аталмыш дәрілер шетелден әкелінген еді. Оның үстіне  құныда 10-30 пайызға қымбат болатын.Ал отандық өндірушілердің  арқасында 2 жылда елімізде  денсаулық сақтау министрлігі 1 миллиард теңгеге жуық қаржы үнемдеп отыр.Тағы бір тиімділігі, қарапайым халықтың да  аса қажетті дәрілерге қолы еш қиындықсыз жете бастаған.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар