КОРОНАВИРУС – ҚАУІПТІ ІНДЕТ

17:33, 19 қазан 2020

Бір тәулікте Қарағанды облысында COVID-19 дертін жұқтырған 9 адам анықталды. Бұл туралы коронавирустық инфекцияны таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәлімдеді.

Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус  инфекциясын жұқтырған  102 жаңа жағдай расталды. Жалпы, елімізде қауіпті індеттің ілмегіне ілінгендердің саны 109 508 құрайды. Оның ішінде 10 400-і Қарағанды облысына тиесілі. Сонымен қатар, оқушылар арасында COVID-19 дертін  жұқтырудың 18 жағдайы тіркелді. Олардың арасындағы 11 бала қашықтан, ал қалған 7-уі  дәстүрлі форматта оқиды.Ал бүгіннен бастап облыстың сегіз өңірінде санитарлық бекет пайда болды.|Олар аймақтың  Жезқазған, Приозерск қалаларымен  Ұлытау, Нұра, Осакаров және Бұқар жырау, Қарқаралы аудандарына қойылды. Мұнда полицейлер мен дәрігерлер кезекшілік етеді.Санитарлық сала мамандары әр жүргізуші мен жолаушының температурасын тексеріп,сауалнама жүргізеді.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар