КӨРМЕ КӨҢІЛ КӨРКЕЙТТІ

15:05, 11 ақпан 2019

Кеншілер шахарында айрықша кітап көрмесі шымылдығын түрді

Рухани шара Қарағанды қаласының 85 жылдық мерейтойына арналды.Акция аясында жастар мен балғындар шаһардың тарихымен тереңнен танысты.

Аяулым Назымхикмет туған қаласының мерейтойына арналған шараға құра алақан келмепті.Өрімдей өрен халық күйі «Тепең көкті» күмбірлете тартып, қарағандылықтарға тосын тарту жасады. Жасындай жарқыраған жеткіншек халықаралық байқаулардың бірнеше дүркін жүлдегері.

Аяулым НАЗЫМХИКМАТ, Қарағанды қаласы №2 өнер мектебінің 1- сынып оқушысы

-Маған осы іс-шара қатты ұнады.Осы шараға қатысып,Қарағанды туралы кітаптарды оқып, көптеген мағлұмат алдым.Мен екінші өнер мектебінің атыннан құттықтаймын.Мен өз қаламды жақсы көрем.

Көрмеге жастар ептеп емес, көптеп жиналды. Шара шеңберінде кітапхана қызметкерлері оларға қазыналы қарағандының тарихын тәптіштеп жеткізді.Сөреде тізілген отызға жуық туынды кеншілер астанасының өткені мен бүгінін көз алдыңызға әкелгендей.Ал акцияның мақсаты жастарды кітап оқуға деген құлшынысын арттырып,әдебиеттің әлеміне тереңнен бойлату дейді ұйымдастырушылар.

Махаббат САМЕНОВА, М.Әуезов атындағы кітапхананың қызметкері

-Қарағанды қаламызға 85 жыл толып отыр.Соған орай Қарағанды әкімдігі мен тілдерді дамыту бөлімімен бірігіп,  «Таир» сауда орталығында іс-шара өткізіп отырмыз. Жас ұрпаққа өз Отанын, елін сүюді насихаттау.Қарағандымыз өркендей  берсін.

Көрермендерді керемет әсерге жетелеген көрме жастардың шығармашылығымен жалғасты.Өнерпаздардың түйсігінен  туындаған нәзік иірімдері мазмұнды музыканың үнімен үндесті.Қара домбыраның күмбірі де құлақтың құрышын қандырды.Сиясы кеппеген, ешкімге әлі жетпеген өлеңінде студентер әркімге емес, жан жүрегі қалап алған Қарағанды қаласына арнады.

Асемгүл СЕРІКБОЛ, студент

-Бұл келіп жеткен Қарағанды қаласының 85 жылдығы құтты болсын. Жастардың атынан өте қуаныштымыз. Шахарымыздың шырайы кіре берсін.

Сонымен қатар қатысушылар викториналық ойындар ойнап, санасын сілкінтті.Таланттары тасада тығылған  жастарда жаңа қырынан танылды.Дәл осы іспеттес шаралар келешекте сәтімен өткізіліп, ерекше өріле беретінін айтады Қарағанды қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мамандары.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Теги: последние новости Караганды сегодня, новости и события в Карагандинской области, происшествия в Караганде

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар