КӨРКЕМ СУРЕТ ГАЛЕРЕЯСЫ АШЫЛДЫ

18:07, 15 маусым 2018

Достық үйінде «Шабыт» көркем сурет галереясы ашылды. Мұнда аймағымызға белігілі суретшілермен қатар, студенттердің де бірқатар туындылары қойылған. Жаңа сурет галереясын алғаш болып тамашалауға облыстық этно-мәдени бірлестіктің өкілдері, қалалық мәслихат депутаттары мен қала қонақтары жиналды

Бұл галереядан орын алған мына суреттерді – этно-мәдени бірлестіктің өкілдері, Қарағанды мемлекеттік университетінің студенттері және аймағымызға белгілі қылқалам шеберлері тапсырған. Көрмеге қойылған туындыларды айшықтауға сәндік-қолтаңбалы өнердің әртүрлі әдіс-тәсілдері, майлы бояулы кескіндемелер мен графикалар қолданылған. Әсіресе, Астана қаласына арнап салынған суреттер ерекше көздің жауын алады. Айта кетерлігі, аталмыш шараның ашылу салтанаты Елордамыздың 20-жылдығына тұспа-тұс келіп отыр.

Ерлан ҚҰСАЙЫНОВ, облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ директоры:

- Өнер деген үлкен құдірет екенін білесіздер. Адам жанының шкі сезмін осы суреттер арқылы түсінуге болады. Сондықтан да достық үйінің ішінде осындай үлкен бастаманы қолға алып, галерея ашуды жқн көрдік.

Сонымен қатар, көркем сурет галереясының жанынан қатысушының қарым-қабілетін танытып , таланттарын шыңдау үшін арнайы сынып жұмыс жасауда. Қазірдің өзінде мұнда көптеген балғын келіп, шеберлік сыныбын алып жатыр. Айта кетерлігі, аталмыш галереяға кез-келген бүлдіршін қатыса алады.

Гүлпахат ҚҰТТЫБАЕВА,  оқушы:

-Мен мына жұмысқа 1 апта жұмсадым. Яғни, пластелинмен кескіндеме жасау үстіндемін, Маған мұнда өте ұнайды.

Ал, ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл көрмеге қойылған туындылардың тек бір парасы ғана. Алдағы уақытта тұрғындарды өзге де керемет өнер туындыларымен қуантпақ ниетте.

Айдана ДАСТАН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ – МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ
17:11, 7 желтоқсан 2018
ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ – МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ
Толығырақ...